MENU
Главная » 2014 » Апрель » 25 » Ғажайып информатика
21:04
Ғажайып информатика

«Ғажайып  информатика» 

Мақсаты:   Оқушылардың компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін  арттыру, компьютерлік  іскерлігін дамыту.

 

І жүргізуші :     Тойлап маржандай боп өлеңдесіп ,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт , баба дәстүр  жолыменен,

Алайық біз әуелі  сәлемдесіп

 

ІІ жүргізуші:    Уа, жараңдар жараңдар

Мына бізге қараңдар

Мінеки  залда  тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккендерді  тоспаймыз

Ғылымдардың  ғылымы

Информатика  жайында

Ойын  сайысты бастаймыз

 

І жүргізуші:    Жас достарым

Мұны жақсы  ұғайық

Информатика құрметтеуге лайық

Дүниедегі  құбылыстың мәніне

Табиғаттың қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну

Есебіңіз , программаңыз  дүние кілті әлі де

ІІ жүргізуші: «Ғажайып информатика» сайысына қатысушы ойыншыларын ортаға  шақырып,        

                        сайысымыздың әділ бағасын беру үшін  әділ қазылар алқасын сайлайық.

 

І жүргізуші:   Әділқазы, ақ қазыға  бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл

 

ІІ жүргізуші:  Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді –дей отырып ,  сайысымыздың І кезеңі «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруға сөз береміз

 

І жүргізуші:  Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып , шындарға  биік қонғайсың демекпіз. Сайысымыздың  «Білімді мыңды жығар» атты ІІ кезеңін бастаймыз.

 

ІІ  жүргізуші:  Сіздерге ортақ 20 сұрақ беріледі .

  1. Вирустардың кері әсерін жоятын программа  (антивирус)
  2. Деректерді сақтауға арналған  құрылғы (жад)
  3. Екілік  жүйенің сандары (0,1)
  4. Логикалық қосу қалай  аталады ?  (дизьюнкция)

 

  1. Логикалық  көбейту қалай аталады ?(коньюнкция)
  2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал   (компьютер)
  3. Қағаздағы көріністі дисплейге (экранға ) түсіруші құрылғы (сканер)
  4. Компьютердің ми, ең басты бөлігі  (процессор)
  5. Компакт дискіні оқуға  арналған құрылғы (CD-ROM)
  6.  Winzip, winrar  қандай программа (Архиватор)
  7. Принтердің  түрлерін ата  (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
  8. Ақпарттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
  9. Компьютердің атасы деп кімді атаған?   (Ч. Бээбидж)
  10. Эем-нің неше буыны бар ?  (5 буыны)
  11. «Информатика»  ғылымы  нені зерттейді ?  (ақпараттық процестерді)
  12. Ақпарттың неше түрі бар ? (3 түрі бар Мәтіндік, символдық, графикалық)
  13. Компьютердің  негізгі құрылғыларын ата.  (жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан)
  14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы ( модем)
  15. Дүние жүзілік компьютерлер арасындағы байланыс (Интернет )
  16.  Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (интерфейс)

 

І жүргізуші:    Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Компьютер емей немене ?

 

ІІ жүргізуші:  Робаттай – адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене ?   сайсымыздың «Көркем сурет» атта ІІІ кезеңінде компьютермен жұмыс істеу яғни Paint редакторында геометриялық фигураларды пайдаланып  құрақтардың эскизін жасау .   

 

І жүргізуші:    Білмегенді білдірген

Өлшем киім кигізген

Компьютер емей немене ?

 

ІІ жүргізуші:  Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене ?  ІV кезең «Белгісіз әлем»  Оқушылар бұл кезеңде берілген сөздерді ASCII коды және сәйкестендіру кестесі арқылы кодтап табу керек

І топ

88

94

90

80

92

88

80

10001000

10001101

10010100

10001110

10010000

10001100

10000000

10010010

10001000

10001010

10000000

И

Н

Ф

О

Р

М

А

Т

И

К

А

 

ІІ топ

57

69

64

6F

77

73

01010111

01101001

01101110

01100100

01101111

01110111

01110011

W

i

n

d

o

w

s

 

 

ІІІ  топ

8F

E0

AE

A3

E0

A0

AC

AC

A0

10001111

11100000

10101110

10100011

11100000

10100000

10101100

10101100

10100000

П

р

о

г

р

а

м

м

а

 

ІV  топ

88

АD

E2

A5

E0

E4

A5

A9

E1

10001000

101011011

11100010

10100101

11100000

11100100

10100101

10101001

11100001

И

н

т

е

р

ф

е

й

с

 

І  жүргізуші :  Болам десең , теңізші , не ұшқыш қаласың

 Дәрігерлікте жақсы ғой

 Қызметке жарасың

Сондықтан да , сондықтан

Сол ғылымның тілін біл !

 

ІІ жүргізуші :  Ал сол үшін біздерге

 Информатика керек қой !

Сондықтан да , сондықтан

Сол ғылымның тілін біл !

 

І жүргізуші:  V кезең  «Ұшқыр ойлар» бұл кезеңде оқушылар белгілі бір тақырыпқа   

                           обьектілер орналастырып , анимациялық эффектілер орнату

ІІ жүргізуші : Сайысымыздың сонңында білімімен, ұтымды жауабымен , шапшаңдығымен жеңіп шыққан топтарды  марапаттау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші:    Осымен бұл қызықты тамамдасақ

 Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы ,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар ,білім қусақ

ІІ жүргізуші :   Көңіл бөліп бұл кешке ,

                          Келгендерге көп рахмет !

 

Толық мәліметті жүктеп алуға болады

Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 868 | Добавил: admin | Теги: Ғажайып информатика | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz