MENU
Главная » 2014 » Апрель » 12 » Әдептілік әдемілік
17:38
Әдептілік әдемілік
«Әдептілік әдемілік»
Сабақтын мақсаты: 1. Оқушылардың білгендерін бір жүзеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
2. Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтын барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: Сабақ тақырыбын хабарлау.
II.Кіріспе сөз:
Сендер, болашақ өмірдің мұрагерісіңдер. Тәрбие сағатында сендерді әсемдікке дағдыландыру, үлкенді сыйлау, кішіге көмек беру, өзін-өзі қалай ұстау керектігі айтылады. Балалар, сендер ата-ана тәрбиесінде болдыңдар. Сендер жеті жастан кейін, мектепке келген күннен бастап оқушылар ережесімен таныстыңдар және оны орындайсыңдар. Кейде соны біле тұрсақ та, әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар арамыздан кездесіп қалады. Сондай әдепсіздікті, тәртіпсіздікті болдырмау үшін біз мектепте қалай болуымыз керек?
Мектепте:
1.Мектепте мұқият киініп, жақсы үтіктелген киіммен, әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім киіп келу керек.
2.Мектепке әкелетін заттардың бәрінсөмкеге рет-ретімен салып қою қажет.
3.Мектепке уақытында кешікпей келу керек. Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек. Олардың алдына түсіп кетуге тырыспа. Кірер алдында аяқ киіміңді жақсылап тазалап ал.
4.Ұл балалар мектепке кірерде бас киімін шешіп, қолынаалу керек. 
5.Сыныпқа кіргенде бірінші мұғалімге, сонан соң жолдасыңа сәлем бер.
Сыныпта:
1.Егер класқа үлкендер кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұруымыз керек.
2.Сабақ кезінде тура қарап отыруымыз керек. Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға, бір-бірімен сөйлесуге болмайды.
3.Тақта алдында түзу тұр. Тақтаға шығарда киіміңді түзеп алуды ұмытпа.
4.Партаны күт, сындырма, оған ештеңе жазба, жонба.
Көшеде қалай жүру керек?
1.Көшеге таза және мұқият киініп шық. Үлкеннің алдын кеспе, оған жол бер.
2.Көшені ластауға болмайды, үйдің қабырғаларына жазуға болмайды. Көшеде қатты сөйлеуге, қатты күлуге болмайды.
3.Егер көшеде жолдасыңды кездестіріп бөгелетін болсаң, жолдан шығып тұр.
Көшенің машина жүретін бөлігінде ойнама. Қарт адамды кездестіріп қалсаң, әдепті бол, көмектесуге тырыс.
Үйде:
Үйіңе досың келсе, пальтосын шешіп, ілуге көмектес, сонан соң бөлмеге кіргіз. Алдымен қонақты кіргіз. Дастарханға бірінші үй иесі отырады. Тамаққа қонақтан бұрын қол созба, тамақты ішіп болған соң қолыңды жалама. Дастархан басында тамақ ішіп отырып кітап, газет оқуға болмайды.
1.Өзіңе көмектескен, керек затыңды берген, сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа рахмет айт.
2.Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт.
3.Біреу өзіңе «рахмет» айтса, «жақсы» деп жауап бер.
4.Телефонға біреуді шақыруды өтінгенде «рұқсат болса» дегенді ұмытпа.
5.Байқаусызда біреуді қағып қалсаң, «кешіріңіз» деу керек.
6.Сабаққа кешігіп келгенде мұғалімнен кешірім-рұқсат сұра.
7.Мектептен немесе қонақтан қайтарда «сау болыңдар» дегенді ұмытпа.
-Енді сендер жұмбақ, тақпақтарды айтындар.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді. 
Не деп барып жеу керек? (Рахмет)
 
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? (Кешіріңіз)
Үй артында қоқысты, 
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді? (Мен істейін)
 
-Әдепсіз бала туралы тақпақ білесіңдер, айтып беріңдерші.
Кеше ғана қадалған, Әркімге бір ұрынып,
Өміртайдың түймесі. Құспен, малмен жарысар.
Орнында жоқ, апырай, Сумка, дәптер бәрі де,
Қайда кеткен, бұл несі? Дал-дұл болып жыртылып.
Ілгек, түйме жұлынып, Сия төгіп бәріне,
Кешке дейін алысар. Шимай салған сыртына.
 
-Ал, балалар, егер сендер әдепті, әдемі болсаңдар, әдептілік туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Егер сіздер әдепті екенсіздер: Егер сіздер әдепті екенсіздер:
Көзге ғана түсу үшін емес, Үлкендермен әңгімелескен кезде,
Әрдайым тролебусқа отырғанда, Ол атаң болсын, ол апаң болсын,
Кемтар кісіге көмектесіңіз. Сөзін оның бөлмейсіздер.
 
Егер сіздер әдепті екенсіздер: Егер сіздер әдепті екенсіздер:
Сабақта отырып, Ардан жұрдан болмаймын десеңдер,
Жолдасыңмен сыбыр-сыбыр сөйлеспе. Қарсыласпай беріңіз орын қарт кісіге.
 
Анау бала, Тырнағы өскен,
Қолын қара. Шашы көптен.
Кір-қожалақ қап қара. Алынбапты масқара.
III.Қорытынды.
Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 2207 | Добавил: admin | Теги: Әдептілік, әдемілік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz