MENU
Главная » 2014 » Апрель » 12 » Еріншек
16:55
Еріншек
«Еріншек»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды өлеңді оқып, мәнін ашуға, адам бойындағы жақсы қасиет, жаман қылықтарды ажырата білуге үйрету.
ә) өлеңнің мазмұнын сызба диограммаға түсіру, ой – өрісін, сөздік қорын дамыту.
б) оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, еңбексүйгіштерге баулу, тіл байлығын, таным бірлігін арттыру.
 
Әдісі: сұрақ жауап, көрнекілікпен жұмыс істеу, өз ойын анық ортаға салу.
 
Сабақтың көрнекілігі:тірек сызбала, Абай және Шәкәрім портреті, өлеңдерден үзінді.
 
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы» өлеңін оқушыларға оқытып, сұрақ - жауап арқылы талдау.
2. Дастарханға нан келу үшін бірінші не істеу керек?
Қыста егістікке қар тоқтату керек. Сонан соң жер жыртылу керек. Көктемде егістікке тұқым себілу керек. Күзде бидай піседі. Оны комбайнмен орып аламыз. Алтын астықты машинамен, трактормен элеваторға апарып тазартамыз. Ұнды наубайханаға апарып, түрлі нандар пісіреді. Ол халыққа жеткізіледі.
3. Тыйым сөздер. Нанды бір қолмен үзбе. Нан ұнтағын тастама.
III. Үй тапсырмасын қорытындылап, сызбаға түсіру.
Қасиетті тағам нанды қастерлеңдер, жолда, жерде жатса қиқымын теріп алып, торғайларға, күшіктеріңе, мысықтарыңа беріңдер. Нанды үнемдеңдер, керекті бөлігін ғана үзіңдер.
IV.Жаңа сабақ:
1.Ой толғау бөлімі: «Сондай бала бола ма?» өлеңін оқу.
Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Беті қандай кір еді,
Айниды адам жүрегі
Көрсе осы бір кескінін
Күледі-ау, жұрт күледі
Сондай бала бола ма?
Сен де оған жолама!
-Бұл қандай бала?
-Салақ.
-Бала неліктен салақ болады?
-Ерінгеннің кесірінен.
-Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыз адам бойында болатын жаман қасиет еріншектік жайында. Бұл өлеңді жазған Ш. Құдайбердіұлы.
Ш. Құдайбердіұлы – XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл. Ол 1858 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Абайдың ең үлкен ағасы. Құдайберді 37 жасында дүниеден қайтқанда Шәкәрім 6 жаста болды.
«Ғылымды іздеп дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алған жолын жалғастырған ақын, 1931 жылы «халық жайы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болды.
V.Оқулықпен жұмыс. «Еріншек» өлеңін мәнерлеп оқып, мәнін ашу. Сұрақ-жауап арқылы талдау.
VI.Сөздікпен жұмыс. 
Харакет-әрекет
Кесел-бұл жерде: сар, дерт.
VII.Оқушыларға шумақ бойынша оқыту, талдату.
-өлеңде қандай жағымсыз қылықтар айтылған?
-Адам бойындағы мұндай жағымсыз жаман қылықтар неге әкеліп соғады?
-Жағымсыз қылықтардың адамның білім алуына тигізетін кеселі жөнінде не делінген?
-өлеңдегі қорытынды ойды тауып оқыту.
Еріншек, ашу, құмарлық
Бұларды істен шығардық.
Салақтықтан-надандық
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Өлеңде қандай жағымсыз қасиеттер бар?
Топтық жұмыс:
I топ. «Еріншектік-жаман әдет» шағын әңгіме жазу.
II топ. Еріншектік туралы мақал-мәтел жазу.
III топ. 5 тармақ өлең.
VIII.Ой қорытындылау. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
                       Венн диаграммасы.
1. Ізденгіш
2. Ұқыпты
3. Инабатты
4. Талапты
5. Қайырымды 1. Еріншек
2. Жігерсіз
3. Салақ
4. Талапсыз
5. Рақымсыз
 
Абай атамыздың тағы қандай өнеге, өсиет етіп қалдырған өлеңдерін білеміз?
 
-«Ғылым таппай мақтанба»
-Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылған?
 
Бес асыл іс Бес дұшпан
- Талап - өсек
- Еңбек - өтірік
- Терең ой -мақтаншақ
- Қанағат - еріншек
- Рақым - малшашпақ
 
Әрқашан жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп жүрейік.
IХ. Үйге тапсырма: «Еріншек» өлеңін оқу, ұнаған шумағын жаттау.
X. Бағалау: 
Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 1436 | Добавил: admin | Теги: Сабақ, Еріншек, жаман қылық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz