MENU
Главная » 2014 » Апрель » 26 » Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау
10:15
Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Сабақ мақсаттары:

  1. Білімділік:Обьектілерді қоршау және постылардың жабдықталуымен таныстыру.
  2. Дамытушылық:Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелерімен, жауынгерлік тапсырманы орындау талаптарымен таныстыруды жетілдіру, дамыту.

 

  1. Тәрбиелік:Оқушыларды патриотизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру. Жауынгерлік міндет пен әскери антқа адал болуға, Отансүйгіштікке баулу.

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, компьютер,слайдтар, тест парақшалары                      

                             автомат макеті.

Пәнаралық байланыс: Физика, орыс тілі, тарих, қазақ тілі, химия, математика.

Сабақ уақыты:45 минут 

Сабақ орны:   № 9 БӘД кабинеті 

Сыныбы:   10

Сабақ жүрісі

Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)

 Сапталу. Взвод кезекшісінің мәлімдемесі. Сәлемдесу.

Үй тапсырмасын сұрау. Тест жұмысын жүргіземін. Тест парақшларын таратамын және электрондық нұсқасын экраннан көрсетемін.

 

1. Қарауылдық қызмет бұл...

   А) Жауынгерлік тапсырманы орындау.

   Б)  Обьектілерді қорғау

   В)  Қазақстан Республикасын қорғау.

   Г)  Әскери қызметшілердің арнайы міндет 

       түрі.

2.Қарауылдардың неше түрі бар?

         А) 3       Б)2          В) 4         Г) 5

3. Гарнизондық қарауыл дегеніміз бұл...

   А) Бір әскери бөлімнің обьектілерін күзету;

   Б) Бір-біріне жақын орналасқан әскери бөлімдер обьектілерін күзету;

  В) Авиациалық бөлімнің ұшақтарын күзету;

   Г) Штабтар мен басқару пунктерін күзету;

4)  Ішкі қарауыл дегеніміз бұл...

     А)  Бір әскери бөлімнің обьектілерін күзету;

     Б)  Бір-біріне жақын орналасқан әскери бөлімдер

обьектілерін күзету;

     В)  Авиациалық бөлімнің ұшақтарын күзету;

     Г)  Штабтар мен басқару пунктерін күзету;

5) Сақшы деп кімді айтамыз?

      А) Сақшының өз міндетін орындайтын белгілі бір

          орынды немесе учаскені;

      Б) Қарауыл құрамын;

      В) Өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау 

        жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын

        қаруланған қарауыл;

      Г) Постылар мен ауысым саны бойынша 

          қарауылдар;

6) Пост дегеніміз не?

    А) Постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар;

   Б) Сақшының өз міндетін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске;

   В) Авиациалық бөлімнің ұшақтарының орналасқан орны немесе учаске;

   Г) Бақылау-өткізу пункті орны немесе учаске ;

7) Сақшыны кім ауыстырады?

   А) Постылар мен ауысым бойынша қарауылдар;

   Б) Гарнизон бастығы;

   В) Штаб бастықтары;

   Г) Жұмысқа таратушылар;

Оқушылар жұмыс дәптерлерін ауыстырып өздері тексереді және бағалау шкаласына қарап бағалайды

Интерактивті тақтадан тестің дұрыс жауаптарын, бағалау көрсеткішін көрсетемін.

 

Дұрыс жауаптарын төменде жүктеп алуға болады

 

БАҒАЛАУ

Бағалау шкаласына қарап оқушылар өздерін бағалайды.

 

   Жаңа сабақ тақырыбын және сабақ мақсаттарын айтамын.

Сабақ жоспарымен таныстырамын. «Білімділік», «Түсіну», «Ой толғау», «Қолдану» «Қорытынды».

   Сабақты  Аристотельдің «Ерлік - аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер жасайды»,   

Б.Момышұлының  «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»деген қанатты сөздерімен бастаймын.

Негізгі бөлім. (22 минут)

   «Білімділік»Түсіндіремін. Слайдтан көрсете түсіндіремін.

    Күзетілетін обьектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден, 15 см-ден аспайтын арақашықтығы биіктігі 2 м-ден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайға қарай 10 м және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау  жолы жабдықталады.

    Күзетілетін обьектілерге кіреберісте бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына(сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдарымен және найзағайдан сақтану құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары орналастырылады.

   Аса маңызды обьектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары қойылған арнайы инженерлік ғимараттар, сондай-ақ инженерлік бөгеттер(ОБК, «сүріндірме», бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді обьектілер қойылады).

    Күзетілетін обьектілері бар аумаққа кіреберісте түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: Мысалы: «Жүруге (өтуге) тиым салынады,(жол жоқ)». Айналып жүру (айналып өту) көрсеткішкіштер арқылы көрсетіледі.

   Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен, заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан обьектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен «Тыйым салынған аймақ(аудан), жүруге(өтуге) тыйым салынады(жол жоқ)» деп көрсетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың(ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы(әскери бөлім командирі, күзетілетін обьектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ(аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын үйлер және қызметтік құрлыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.

    Пост аумағанда сақшының жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс. Сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5м биіктікке қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардыңжақындауынатйым салынатын қашықтықты белгілейтін тйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайғда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар обьектілер аумағандағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көксеткіштермен көрсетіледі. Мысалы: «№2 постының шекарасы».

   Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіреберіс маңы жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі керек.

Ішкі, әсіресе Жауынгерлік ту жанындағы ростының биіктігі 0,7-1 м қоршауы және жарықтандырылған орны болуы керек.

   Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болу қажет.

   Әрбір сыртқы (қажет болған жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда,  сақтау орындарында және т.б. жерлерде тікелеә өздерінің өртсөндіру құралдары: өртсөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен керек- жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті бақандар)болуы тиіс.

   Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост «саңырауқұлағы», ал ішкі постыларда киімді ілу үшін шкаф немесе киімілгіш болуы қажет.

Постыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі пышақ: түнгі уақытта-тұрып атуға оңтайлы жағдайда күндізгі уақытта-«белдікке» немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және Жауынгерлік ту жанындағы постыда-ағаш дүмді автоматтар – «белдікке» күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар – «кеудеге», карабин – «аяқта» болуы керек; жабдықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.

   Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын «арқаға» күйінде ұстауына рұхсат етіледі.

«Түсіну» . Жаңа оқу материалдарын бекіту мақсатында бірнеше сұрақтар беремін.

  1. Күзетілетін обьектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?
  2. Аса маңызды обьектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?
  3. Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болуы керек?

«Ой толғау»  (5 минут). Оқушылар «Әскери қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында өз ойларын ақ қағаз бетіне түсіреді. Жазып болған соң әр бөлімшеден 2-3 сарбаз орнынан тұрып оқиды.

«Қолдану» (10 минут).Оқушылар бұрын алған білімдерін іс жүзінде, ұрыстық жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындауда қолданады. Взводқа «Жауынгерлік тапсырма» беремін. «Сарбаздар біз қазір ұрыстық жағдайға өтеміз. Шартты қарсылас біздің шекарамыздан өтіп егемендігімізге,  елімізге, ауылымызға(қаламызға)қауіп төндірді».

   Мотоатқыштар взводының қорғаныс шебін, 1,2,3 мотоатқыштар бөлімшелерінің орналасуын картадан(слайд) көрсетіп түсіндіремін. Мотоатқыштар взводының қару-жарақтарымен таныстырамын. ЖҰМ, БТР, Калашников автоматтары, Калашников қол пулеметтері, гранататқыштар, жарықшақты және кумулиятивті қол гранаталары (Слайдтан суреттерін көрсетемін). 

   Оқушыларға «Жауынгерлік бұйрық» беремін. «Взвод! «Түрегел», «Тіктел» Жауынгерлік бұйрықты тыңдаңыздар. Бұйырамын! Шарты қарсыластың шабуылына қолда бар қару-жарақпен оқ жаудырып олардың қорғаныс шебімізді жарып өтуіне жол бермеу және шабуылына тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығып оларды жою, тұтқынға алу. Взвод «Еркін» Отырыңыздар.

    «-Сарбаздар қазір біздің қолымызда қару-жарақ жоқ. Соның үшін біз шартты қарсыластың шабуылына өзіміздің білімдерімізбен тойтарыс береміз. Қазір интерактивті тақтадан сіздерге сұрақтар беріледі. Бұл сұрақтар БӘД пәнін бүгінгі күнге дейін оқыған тақырыптарыңыздан және математика, химия, қазақ тілі, физика, орыс тілі, тарих пәндерінен болады. Егер дұрыс жауабын тапсақ, онда біз шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс берген болып табыламыз. Міне қарсылас шабуылын бастады».(Слайдтан қарсыластың шабуылын көрсетемін)   Оқушылар слайд бойынша сұрақтарға жауап береді       

1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары бас қолбасшысы.

           - Президент. Н.Ә.Назарбаев.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қорғаныс министрі кім?

- Әділбек Жақсыбеков

3. Саптың оң(сол) жақ шеті қалай аталады?

- Қаптал

4. Адыммен қозғалыс жасау минутына неше адым?

- 110-120 адым.

5. Жауынгерлерге(матростарға) жаза қолданылғандығы қалай хабарланады?

- Сап алдында

6. 6. Әскери ант қашан бекітілді?

 - 1992 жыл 25 тамыз

7. ҚР Қарулы Күштерінің неше әскери жарғысы бар?

                  - А) 2       Б) 3         В) 4         Г) 5

8. ҚР Қарулы Күштері әскери нышандарында не бейнеленген?

- Бес бұрышты жұлдыз, күн, шарықтаған бүркіт.

9. «Полковник» әскери шені қандай әскери атақ түріне жатады?

-  Аға офицерлер.

10.Математика.Cosx =1  Теңдеуді шеш

-Х = 2Пn,  n € Z

11. Химия. Өзен, көлдерге қарағанда теңіз, мұхит сулары неге ащы болады?

- Мdмен Са тұздарының көп болуы

12.Қазақ тілі. Сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы туралы ережелер жиынтығы қалай аталады?

- Орфография

13. ФИЗИКА.   Күштің өлшем бірлігі?

- Ньютон (Н)

14. ОРЫС ТІЛІ.  Частьречи, обозначающиедействиепредмета.

- Глагол

15. Тарих. Екінші дүниежүзілік соғысы қай жылы, қай елден басталды?

- 1939 жыл. Польша.

   Ұрыстық жағдайға қорытында жасаймын. «Жауынгерлік тапсырманы» орындай отырып егемендігімізді, елімізді шартты қарсыластан өздерінің білімдерімен қорғап қалған сарбаздарға ерліктерін бағалап, взводтқа алғыс  жариялаймын.

Суға батып бара жатқан баланы құтқарамын деп өзі де ерлікпен көз жұмған «Бейнеу лицейі» ММ-нің 10 сынып оқушысы марқұм Нұрмағанбетов Сағат Талғатұлының ерлігі жайында айтып өтемін. «Суға батып бара жатқан баланы көрген Сағат сол бойда балаға көмек қолын соза ұмтылып, өзі де сол жерде көз жұмды.  Сын сағатынан сүрінбей өткен Сағаттың бұл ісін үлкен ерлік деп бағаланды. Сағатты еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Мектебімізде Сағатқа арналған ерлік сағаттары өткізіледі. Себебі ерлік жасау бұл тек ұрыста қолыңа қару алып қан төгу емес, ерлік- мына біздің күнделікті бейбіт өмірімізде де орын алып жатыр. «Ерлік - аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер жасайды»-деп Аристотель айтпақшы Сағаттың жасаған ерлігі мәңгілік. Сағаттың жүрегінің соғуы тоқтағаны мен оның жасаған ерлігі мына біздің жүректерімізде мәңгіге соғады».

«Қорытынды». (3 минут).

Сабаққа қорытынды жасаймын.  Сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын тағы бір рет айтып өтемін. Белсенді қатысқан оқушыларды атап өтемін.

Үйге тапсырма беремін. «Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау»

Бағалаймын.

Келесі сабақ тақырыбын айтамын. «ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы»

Сабақты «Таласқа түссе жан мен ту. Жан емес маған керегі. Көк тудың желбірегені»- деген ән жолдарымен аяқтаймын.

 Взвод кезекшісі: Взвод! «Түрегел», «Тіктел».

Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар-Сарбаздар!  «Еркін» Қоңырау.

 

Толық материалды жүктеп алуға болады

Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 1044 | Добавил: admin | Теги: Обьектілерді қоршау және постыларды | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz