MENU
Главная » 2014 » Апрель » 25 » С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы
21:10
С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы

С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы

Сабақтың мақсаты: Поэманың мазмұнын сюжеттік- композициялық құрылымға талдау, кейіпкерлерді салыстыра отырып  зерттеу, өзіндік ой- пікір қорыта білу, ойды мәнерлі, әуезді жеткізе білу шеберлігін ұштау, топтық жұмыстарға ынтамен белсенді араласу, қалай оқу керектігін ұғыну, АКТ-ны  тиімді қолдану арқылы ақпаратты таңдай білу, сыни ойлауды дамыту, бағалай білуді үйрену.

Нәтижесі: Сюжеттік-композициялық құрылымға, көркемдік ерекшелікке талдай білуге дағдыланады, қалай оқу керектігін түсінеді, бастаған ісін тиянақты аяқтауды үйренеді, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, тақырыпқа орай пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі, өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып ақпаратты таңдай алады.

Түйінді идея: Арман тілекке жету мақсатында күресе білу, ар тазалығы, уәдеге беріктік, досқа, сүйген жарына сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттері артады.

Сабақтың әдісі: топтасу, ассоциация, постер жасау, АКТ, СТО.

Ресурс: Мозаика, ғаламторы бар ұялы телефон, слайд, бағалау парақшалары, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Топтастыру. С.Мұқановтың кітаптарының суреті  арқылы 5 топқа топтастырылады. Суреттің тақырыпқа қатысы сұралады, топ басшысы сайланады.

 «Сұлушашқа» ассоциация құрғызады.

 

         СҰЛУШАШ

1. Ассоциацияны оқушылар жұмыстарымен салыстырады, өзгерістерді дәптерлеріне жазып алады.

2. Топтарға уақыт белгіленіп, жеке тапсырмалар беріледі:

1. Поэманың мазмұнын жоспарлайды.

2.Ботагөз бен Сұлушашты венн диаграммасы арқылы салыстырады.

3. Поэма мазмұны бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар қояды.

4. Композициялық құрылымына талдайды.

5. Поэмаға берілген ой- пікір, бағалауларды ұялы телефонмен интернеттен іздеу арқылы постер бетіне түсіреді.

Аталған жұмыс түрлерін топта талдап, тақтада постерде түсіндіреді. Істелген жұмыс нәтижесі бойынша әр топтың пікірі, ұсынысы тыңдалады. (Екі жұлдыз,бір тілек).

Жоспары

  1. Тілеуберді мен Алтайдың бас қосуы.
  2. Қалыңдықпен еріп келген Тезек құл мен Шұнақ күңнің қосылуы.
  3. Екі отбасының балалы болуы, Сұлушаш пен Алтайдың дүниеге келуі.
  4. Екеуінің махаббаты.
  5. Сұлушаштың атастырылған жігітінен безініп, Алтаймен тауға қашуы.
  6. Достарының мерт болуы, Сұлушаш қазасы, Алтайдың өзіне қол жұмсауы.

Сұлушашпен Ботагөзді салыстыру

 «Сұлушаш»                         1.Сәбит Мұқанов                              «Ботагөз»

     Өлең                                  2.Теңсіздікке қарсы күрес                Қара сөз

1.Бай қызы.                            3.Қазақ қыздары                                1.Кедей қызы.

2.Оқымаған.                           4.4.Сұлу,табанды                              2.Оқыған.

3.Күрес жолы – қашу.                      5.Күрескер                                        3.Күрес жолы- қарсылық.

4.Мақсатына жетпеді.                                                                                  Мақсатына жетеді.

Мазмұны бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар

1.Егер Алтай бай баласы болып, Сұлушаш кедей қызы болса осындай кедергі болар ма еді?

2.Сұлушаш пен Алтайдың махаббатындай махаббат қазір бар ма ?

3.Шығармада қандай қандай салт –дәстүрлер кездеседі ?

Композициялық құрылымы

  1. Басталуы.                                                      1. Дүниеге келуі.
  2. Байланысы.                                                   2.Ұнату, Құдалық
  3. Дамуы.                                                          3.Алып қашу.
  4. Шиеленісуі                                                   4.Қуғын
  5. Шарықтау.                                                    5.Қарқаралы тауында.
  6. Шешімі.                                                        6.Азапта өлуі.

Поэмаға берілген ой- пікір, бағалаулар

 «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман деп жазылсын».             

                                                                                                          Т.Нұртазин.

С.Қирабаев: «Сұлушаш» махаббат тақырыбына жазылған шығарма емес, үлкен саяси әлеуметтік туынды».

«Жиырманың ішінде ұлт әдебиетінде құбылысқа пара- пар шығарма жазу әдебиет тарихында сирек кездеседі. Бұл ретте жастық пен кемелдікті ұштастырған жазушы санатында әлемдік әдебиет тарихында Шолохов пен Томас Маннды ғана айта аламыз,» - деп Қ.Ергебек  «Сұлушаштай» романды тудырған автор еңбегін жоғары бағалаған.

Мұғалім теориялық қателерді болдырмау мақсатында  топ тапсырмаларын интерактивті тақтада көрсетеді. Оқушылар жұмыс нәтижесін интерактивті тақтада өз жұмыстарымен салыстырады, өзгерістерді дәптерлеріне түртіп алады.

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Мүсілім Базарбаевтың «Сұлушаш  поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаhармандары- ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз, суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды, ыстық қанды еңбек адамдары», деген сөзімен қорытындылаймыз.

Бағалау: Әр топ бір- бірін мұқият тыңдап, тапсырма қорытындысының сәтті тұстарын көрсете отырып, ойды жүйелі жеткізіп, әңгімені тартымды айта білген оқушыны, топты бағалайды.

Үй жұмысы: Поэмадан әдеби- теориялық ұғымдарды табу. «Менің елесімдегі Сұлушаш» тақырыбына ойтолғау жазу.

 

Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 6112 | Добавил: admin | Теги: С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz