MENU
Главная » 2014 » Апрель » 26 » Жұрнақ
10:07
Жұрнақ

Жұрнақ

Мақсаты: білімділігі: оқушыларға түбір мен қосымша сөздің түбіріне  жалғанғанда,         

                    оның мағынасын өзгертіп, туынды сөз жасайтын жұрнақ туралы  

                    білімдерін  жетілдіру;

 дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын

молайту байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық

қабілеттерін дамыту;

тәрбиелілігі:  ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жарыс сабақ

Сабақтың түрі:  Іскерлік - дағдыны жетілдіру.

Әдіс-тәсілдері:  Түсіндіру, топтастыру, ауызша, жазбаша жұмыстар, ойын, 

                           сұрақ-жауап, құрастыру

Көрнекілігі:   Интерактивті тақта, тірек сызбасы, суреттер

Пәнаралық байланыс:  Ана тілі

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Балалар әр істің көшбасшысы болады. Сабақта көп білетін көшбасшымызды анықтаймыз. Айналыммен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-ші айналым «Бәйге»

1. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, сөйлем құрау.

2. Ой толғау

а) Сөз оның құрамы дегеніміз не?

     ә) Түбір мен қосымша дегеніміз не?

     б) Жұрнақ дегеніміз не?

     в) Туынды сөз қалай жасалады?

ІІІ. Мағынаны тану

2-ші айналым«Тіл өнері»

Салыстыру ауызша

Тау-таулы, сыпыр-сыпырғыш, ойын-ойыншық, ем-емхана, біл – білгір.

  • Әр сөздің мағыналарына түсінік беру.

3-ші айналым«Жеті жұмбақ»

Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу

  • Оқушыға жұмбақтарды оқыту
  • Көшіріп жазу
  • Шешімін тауып, қарамен берілген сөздердің түбірі мен жұрнақтарын тауып, белгілеу.

Жаздай, қыстай, орындық

4-ші айналым«Дода»

1. Ойын «Менің орным қайда?»

 Оқушылар карточка арқылы туынды сөз құрайды. Сөздерге –шы, -ші, -лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.

        оқу              ші

        сурет          шы

        су               ды

        пайда          ді

        жауын        лы

        көңіл          лі

2. Схема бойынша түбір сөзін тап. Ауызша

       Орын        лық                           лік

       Бас           дық              сеп        кіш

       Бала         тық

       Дос          қыш

Сергіту сәті.

5-ші айналым «Жорға»

1.Суретпен жұмыс

а) – Мына суреттегі атауларға жұрнақ жалғап, сөйлем құрау

ә) – Бұларды бір сөзбен кімдер дейміз?

    -  Мамандық иелері

    -  Олар не істейді?

    -  Еңбек етеді

    - Қай сабақта біз олар туралы оқыдық?

    - Әдебиет пәнінен «Еңбек түбі – береке» тарауы.

б) – Ғарышкер, мұнайшы туралы естеріңде өлеңдері бар ма? Кім айтады.

    - Еңбек туралы мақал – мәтел айтайық

2. Шығармашылық жұмыс

    Қар жауады қалай?   (жапалақтап)

    Кімдер? Жүр шапалақтап   (балалар)

    Балалар не? Киеді    (топ)

    Не? Беттен сүйеді   (аяз)

Сабақты бекіту топтастыру

  

Үйге тапсырма. Ереже, «5-жаттығу».Бағалау. Пән көшбасшысын анықтау

 

Толық ақпаратты жүктеп алуға болады

Категория: Ашық сабақтар | Просмотров: 1825 | Добавил: admin | Теги: Жұрнақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz