MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Философия [ Добавить материал ]

Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
[ Скачать с сервера (37.9 Kb) ] 18.12.2013, 16:13
Философиялық сана таным және ондағы адам     мәселесі
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға,Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?
Категория: Философия | Добавил: admin
Просмотров: 1519 | Загрузок: 114 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz