MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Адсорбция.Қатты дене-газ шекарасындағы адсорбция. Қатты дене-ерітінді шекарасындағы адсорбция.
[ Скачать с сервера (105.0 Kb) ] 18.12.2013, 18:51
                                                  Егер қозғалмайтын фаза ретінде өте майдаланған сорбентті алып, түтікшені (шыны немесе металдан жасалған) толтырса, ал қозғалғыш фазаның (газ немесе сұйықтық) қозғалысын түтікшенің екі басындағы қысымның төмендеуі арқылы жүргізсе, онда хроматографиялық түтіктер, бағаналар (колонкалар) алынады. Зерттелетін қоспаның үлгісін түтікке (бағанаға) берілетін қозғалғыш фазаның ағынына енгізеді. Компоненттер тұрақты фазаның бетімен әсерлескенде компоненттің адсорбциялану немесе еру қасиетіне қарай фазалар арасында таралады.     Қозғалғыш фазаның жылжуына байланысты таралатын компоненттің бір бөлігі ғана тұрақты фазамен әсерлесіп үлгереді. Қалған бөлігі ағынмен әрі қарай қозғалып, тұрақты фазаның басқа бөлігімен  әсерлеседі. Сондықган заттың фазалар арасында таралуы қозғалғыш фазаның баяу жылжуы кезінде қабаттың аз ғана ұзындығында болады. Тұрақты фазада орын тепкен қоспа компоненттерінің молекуласы десорбция немесе булану арқылы қозғалғыш фазаға кайта түспегенше, оның орын ауыстыруына қатыспайды. Осы молекулалар түтік (бағана) бойында сіңу және қайта ағынға түсу процесін бірнеше рет қайталайды. Қаттырақ адсорбцияланатын немесе жақсы еритін заттар тұрақты фазада ұзақ ұсталып қалады.Жоғарыда айтылған процестер бірнеше рет қайталанғаннан кейін түтіктен (бағанадан) алдымен қозғалғыш фазаның молекулалары шьіғады. Содан кейін барып бөлінетін қоспаның компоненттерінің молекулалары шығады. Егер компоненттердің тұракты фазаға туыстығы әртүрлі болса, онда осы фазада ұсталу уақыты да әртүрлі болады. Әртүрлі компоненттердің бағана бойымен қозғалуының орташа жылдамдығы әртүрлі болады, сондықтан бағананың қажетті  ұзындығында  қоспаның  толық  бөлінуіне  алып   келеді.     Қоспаның толық бөлінуі кинетикалык факторлар арқылы жүреді. Екі фазалық системада фазалар тұрақты және қозғалмалы болып екіге бөлінеді. Молекула қозғалмалы фазамен жылжи отырып, тұрақты фазаға сорбцияланады, сөйтіп, бөліну бірнеше рет жүреді.Бөліну бетінің мәні неғұрлым үлкен болса, бөлінудің эффективтілігі согұрлым жоғары болады. Диффузиялық процестер бөліну эффективтілігін төмендетеді, сондықтан әсерлесетін қабаттың қалыңдығы үлкен, болмауы қажет. Осы талаптардың көп бөлігі хроматографиялық деп аталатын әдісте орындалады.    Бұл жаңалықты 1903 жылы М.С.Цвет ашқан. Хроматография  латын тілінен аударғанда түс, бояу деген мағынаны береді.   Дискреттік зона дегеніміз- заттың бөлінуін көрсететін шекаралар. Затты анық бөлу үшін шекарасы да анық көрсететіндей болуы керек.Сонымен, хроматографш деп, қозгалатын фазаның ағынына заттың дискреттік зонасының сорбент қабаты бойымен орын ауыстыруына және сорбциялық пен десорбциялық актілердің бірнеше рет қайталануына негізделген процесті айтады.
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 1681 | Загрузок: 230 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz