MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Аналитикалық химия және экология
[ Скачать с сервера (115.0 Kb) ] 18.12.2013, 15:59
Кіріспе
Аналитикалық химия, аналитика (грек. Аnalysіs - талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия(IV–XVI ғасырлар), иатрохимия (XVI–XVII ғасырлар), флогистондық (XVII-XVIIIғасырлар) және ғылыми (XIX-XX ғасырлар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Ондасапалықжәнесандықталдау жүзеге асырылады.Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік,титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және химиялық реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген.ҚазақстандаАналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдіңесімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетініңАналитикалық химия кафедрасы ірі ғылыми орталыққа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электроаналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.Амперметрия, инверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И.Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф.Сперанская), т.б. металдардың (О.А.Сонгина, В.А.Захаров, З.Б.Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н.Матакова) анықтаудың әдістері жасалды.Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электрхимиялық процестерге әсері (мыс, кадмий, мыс, таллий, мырышсияқты металдардың 
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 2409 | Загрузок: 251 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz