MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Дәрілік препараттарды анықтауда тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы, клиникалық зерттеудегі дәрі-дәрмек заттардың метаболизмінде қо
[ Скачать с сервера (108.4 Kb) ] 18.12.2013, 18:29
Кіріспе
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде, тотығу мен тотықсыздану процестерінен  құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.  Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы алғашқы түсініктерді орыс ғалымы Л.В. Писаржевский (1914ж) енгізген.
Реакция барысында электрондарын беретін атомдар, иондар және молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер тотықтырғыш болып есептеледі. Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электрондарды қосып алып, тотықсызданады.Тотықсыздандырғыш                   Тотықтырғыштотығады.                      - nе   ↔    тотықсызданады.Электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа  тасымалдануы барысында белгілі бір атомның, молекуланың немесе ионның тотығу дәрежесі өзгереді және тотығатын заттың тотығу дәрежесі жоғарылайды, ал тотықсызданатын заттікі - төмендейді.Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшке бөлінеді: молекулааралық, молекулаішілік, диспропорция. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіруТотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестңрудің екі тәсілі бар, электронды баланс жене ионды-электронды тәсілдері. Екі тәсілдің де негізі бірдей: ол - тотығу-тотықсыздану процесінде тотықсыздандырғыш берген электрон-дардың саны тотықтырғыш қосып алған электрондар санына тең болуы шарт.Ең әуелі электронды баланс тәсілі бойынша мынадай реакцияны теңестіріп көрейік.
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 1032 | Загрузок: 165 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz