MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Катализ- катализаторлар туралы ілім әсер ететін факторлар.Ферментті гомогенді катализ
[ Скачать с сервера (93.7 Kb) ] 18.12.2013, 16:47
Катализатор катализаторлар туралы ілім.
Катализаторлар (грекше тоқтату, қыздыру, ыдырау реакциясы)жылдамдығын тез өзгертетін , бірақ  өздері реакция кезінде химиялық құрамы өзгермейтін затарды айтамыз.     Катализатор қатысында жылдамдықтары өзгеретін реакцияларды каталиттік деп атайды.     Өте ертеден биологиялық катализаторлардың (ферменттердің ) әртүрлі ішімдіктерді  дайындауда нан, сыр пісіруде , тері илеуде ролі белгілі ХVIII  ғ. Соңы және  XIX басында эфирлену (К.Шееле  1782 ж) , дегидратация (Ж. Пристли, 1778 ж)   полисахариттердің гидролизі (Г. Кирхгоф 1811 ж) , раекциялары арқылы басқа катализаторлар ашылды . М .Кучеров ацителенді сұйытылған күкірт қышқылының гидратациялау реакциясын сынап тұздары қатысында жасады , М.Зайцев (1877ж ) . Платина катализаторын органикалық реакцияларға қолданды.     Катализатор  қызметін кез келген агрегаттық күйде болатын әр түрлі бейорганикалық және органикалық заттар атқарады.    Кейбір жағдайларда реакция өнімі , ыдыстың беті мен қабырғасы , шаң , бу  сияқты  әр түрлі қоспаларда катализаторлық қызмет атқаруы мүмкін.     Егер катализатор реакцияның жылдамдығын арттырса катализ оң , ал реакция жылдамдығын төмендетсе , теріс деп аталады.Мысалы , ретінде сутек пероксидін алайық. Оған марганец (IV) оксидін аздап қосса , оның ыдырауы тез жүреді ; ал ацетанилидті қосса  мүлдем ыдырамайды.      Кейде реакциялық қоспаға еш бір катализатор қоспаса да , ондағы реакция өнімі катализатор болып реакция жылдамдығын өзгертеді. Мұндай реакцияларды автокаталиттік , ал құбылысты автокатализ деп атайды.      Өзін өзі катализдейтін реакцияларға мысал ретінде сіркеэтилді эфирдің бейтарап ортадағы сабындалу реакциясын алуға болады :                  Бұл реакция кезінде пайда болған сірке қышқылының түзілген алғашқы малекулалары ацетат анионы мен сутек катионына ыдырайды.                                      Сутек ионы сірке этилді эфирге шабуыл жасап , оның сабындалу реакциясын тездетеді. Сутек ионы көбейген сайын негізгі реакция 
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 1962 | Загрузок: 290 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz