MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Коллоидты жүйе туралы түсінік
[ Скачать с сервера (226.5 Kb) ] 18.12.2013, 16:35
                                     Коллоидты жүйе туралы  түсінік    
      Коллоидты жүйе туралы зерттеулерді итальян оқымыстысы Ф Сельми 1845 жылы жүргізді.Ол белгілі көлемдегі суда таралған күкірт, хлорлы күміс, берлин көкшіл бояуы сияқты жүйелерді зерттеді. Ол басқа мысалы ас тұзы ерітіндісіне қарағанда бұл ерітінділердің бөлшектерінің үлкен ірілеу екенін байқады. Ал 1861 жылы Томас Грэм коллоидты химияның дамуы үшін өте маңызды зерттеулер жүргізіп, дисперсті жүйені диффузия жылдамдығына қарап, жақсы және нашар еритін диффузияланушы деп екі класқа бөлді. Оларды крисаллоидтар және коллоидтар деп атады. Т.Грэм кристаллоид пен коллоидты бір-бірінен бөліп алу әдісін ашты және бұл әдісті диализ деп атады. Бір зат өте майда түрде /дисперсті фаза/ басқа бір зат / дисперсті ортада/ көлемінде біріңғай таралса, ол жүйені дисперстік жүйе дейді.Дисперстік фаза мөлшеріне орай ірі және майда дисперсті жүйе болады.Егер бөлшекткрдің мөлшері 10 -3-10 -5см болса, оларды ірі дисперстік жүйе дейді. Оларға суспензиялар (қ/с), эмулсиялар (с/с) және көбіктер жатады. Дисперсті фазаның бөлшектерінің мөлшері 10 -5-10 -7см болса, майда дисперстік жүйе дейді. Оларды коллоид ерітінділер немесе зольдер дейді. Зольдерді диспергирлеу (майдалау)және конденсациялау/ұлғайту/ әдістерімен алады.Екі жағдайда да дисперстік фаза дисперстік ортада ерімеуі тиіс. Зольдің құрамында дисперстік фазаның бөлшектері үлкен агрегаттарға бірікпеуі үшін арнайы зат- стабилизатор қосады. Золь арқылы /суспензия мен эмульсия арқылы да/ сәуле өткізгенде жарқыраған конус байқалады. Оны Тиндаль конусы дейді.Бұл дисперсті жүйенің гетерогенділігін көрсетеді және дисперсті фаза бөлшектерінің сәулені шағылыстыруынан болады. Зольдің дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшерлері өте кішілігіне /10 -5-10 -7см/ қарамастан, олардың құрылымы өте күрделі. Кальций карбонатының судағы золін мысал ретінде алайық. Ол үшін мына реакцияны пайдаланамыз: СаСl2 + Na2CO 3 = CaCО 3 + 2NaCl         (1)       Стабилизатор ретінде кальций хлоридін аламыз- оны артық мөлшерде қосамыз. СаСl2 →Са2+ + 2Сl-                                                      (2)
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 2356 | Загрузок: 184 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz