MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Химия [ Добавить материал ]

Оттектің улы түрі.Антиоксидатты қорғау жүйесі.
[ Скачать с сервера (121.3 Kb) ] 18.12.2013, 16:23
Антиоксиданттар
Антиоксиданттар (грекше: antі — қарсы және oxіs — қышқыл) — тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар; ағзаның қартаюын бәсендететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар.Антиоксиданттар – бұл химиялық қосылыстар тобы, олар басқа заттардың тотығу процесіне мүмкіндік бермейді немесе тоқтатады. Олардың басты қызметі организм үшін зиянды, біздің организмімізге бұзушы әсер ететін бос радикалдарды бейтараптандыру болып табылады.Адамның күнделікті өмірінде организмінде көптеген химиялық реакциялар жүреді, осы реакцияның барлығы энергияны қажет етеді. Энергияны алу үшін организм әр түрлі  заттарды қабылдайды, оны босату үшін бір алмастырылмайтын компонент - оттегі қажет. Оттегі органикалық  заттарды оттектендіреді, сонымен бірге  тағаммен организмге түседі сол арқылы бізге өмірлік күш береді. Бірақ  оттегі бізге қаншалықты қажет болса, соншалықты қауіпті. Дәл осы оттектендіру процесінде бос радикалдар түзіледі. Ерікті радикалдар тордың(клетка) ішіндегі мембрананың  майына жиі әсер етеді.Мембрананың  өтгізгіштігі бұзылып,токсиндер тор (клетка) ішіне енеді,кейін тордың ыдырауына әкеп соқтырады.20 ғасырда ксенобиотиктер (табиғаты бөтен заттар) көбейіп  кетті. Экологиялық  орта  ластанды. Адам    баласының  ағзасына  тамақпен, сумен,ауамен көптеген зиянды заттар енетін болды. Олар адам ағзасында жиналып, ерікті радикалдардың пайда болуына себепші болды,ал ерікті радикалдар адам ағзасына қарсы әсер етті.Ерікті радикалдар – бұл тұрақсыз оттегінің молекулалары немесе атомдары.Олар басқа молекулаларымен өзара химиялық әрекеттесуге түсіп олардың деструкциясына алып келеді.Тұрақты молекулада ядроның қасында жұп-жұбымен электрондар  орналасады.Егер электрондардың саны азайып,электрон жұпсызқалса,ол тұрақсыз молекулаға айналады,яғни ерікті радикалдар пайда болады.Тұрақты болу үшін  << ерікті  радикал >> басқа молекуладан электрон << ұрлайды >> - организмде тұрақсыз молекулалар бірінен соң бірі дамып,<<домино әсері пайда болады >> - осының бәрі бұзылыстарға, дисгармонияға алып келеді.Молекуланың электронды жоғалтуы – тотығу процесін дамытады.Адам ағзасының антиоксиданттар жүйесінің  көбейіп жатқан ерікті радикалдарымен күресуге күші жетпейді.
Категория: Химия | Добавил: admin
Просмотров: 556 | Загрузок: 90 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz