MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Педагогика [ Добавить материал ]

Қазақстан ортақ үйіміз
25.04.2014, 21:16

Қазақстан ортақ үйіміз

Мақсаты:Балаларды   туған елінің,Отанының  Қазақстан Республикасының   белгілерімен  таныстыру.Қазақстанды  мекендейтін  ұлт  өкілдері,олардың салт-дәстүрлері,тағамдары  ,ұлттық  киімдері  жайлы  мағлұмат  беру.Ойлау,есте  сақтау  қабілеттерін   арттыру.Өз  ұлтына  ,тіліне  деген  сүйіспеншілігін  арттырып,ардақтай  білуге   тәрбиелеу.

Көрнекілік:Қ.Р рәміздері,ұлттық  киімдер,қолөнер  туындылары  бейнеленген суреттер,слайд.

Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,өлеңдер.

Іс-әрекет  кезеңі

Тәрбиешінің   әрекеті

Балалардың  әрекеті

Қызығушылығын  арттыру

Табиғатым   тамаша,

Көз  тоймайды  қараса

Табиғатты  аялап,

Жүрейікші  жараса.

Сәлем  саған,жер ана!

Сәлем  саған,нұрлы  күн!

Аман-есен  болайық,

Бейбітшілікті  қалайық

 

 

 

Шеңберге  тұрып,бірге  айтады.

 

 

 

-Балалар ,бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетімізді  бастайық.

-Балалар барлығымыз  Қазақстан  картасына  назар  аударайық.Мынау біздің  байтақ  жеріміз. Қазақстанның  табиғаты алуан  түрлі,жері кең байтақ.Оны білу үшін  картаны  пайдалану  қажет.Сонда  қай  жерде қала,әдемі ормандар,биік таулар,көлдер,теңіз,қазына байлықтары бар екенін картадан  білеміз.

-Балалар,біз қай елде  өмір сүріп  жатырмыз?

-Біздің  елордамыз қалай  аталады?

-Ендеше,балалар,Астана  қаласының  қазіргі гүлденуін  экраннан  тамашалайық.

-Біз  қай қалада  тұрамыз?

-Иә,балалар,біздің  қаламыз Көкшетау  облысына  қарайды.Біз  таза  ауамызбен,орман-тоғайымызбен,сұлу  табиғатымызбен  мақтанамыз.Көкшетау,Бурабай  табиғаты туралы  слайд көрсетіледі

-Сендер  қандай балабақшаға  келесіңдер?

-Біздің  ұлтымыз қандай?

-Біз  қай  тілде сөйлейміз?

-дұрыс  айтасыңдар.

Әр адамның  өз  Отаны болады.Отан –ол біздің туған  жеріміз.

-Тіл  туралы  тақпақ:                                                                               

---Катя:

 

 

 

 

 

Әр мемлекеттің өзінің  елбасшысы  бар.Қазақстанның  елбасы кім?

---Иманғали:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт  қонсын.

Елімнің ел ағасы ,елбасшысы,

Н.Назарбаев  аман болсын!

-өте  жақсы

-Балалар,әр мемлекеттің өз белгілері бар.Сендер сүйікті  Отанымыздың  қасиетті  белгілерін,рәміздерін  білесіңдер ме?

-осы рәміздерге жеке  тоқталып  өтейік.

-Сендер  әнұранды білесіңдерме?

-Әнұран  қай кезде орындалады?

-Әнұранды айтқан кезде қалай тұрамыз?

 

 

 

-Әнұранның  авторлары кім?

-әнұран туралы  тақпақ айтады.

--Анеля:

 

 

 

 

 

 

---Мирас:

 

 

 

 

 

 

-өте  жақсы

 

-Ал,мынау  не?

-Елтаңбада  не бейнеленген?

 

 

 

 

 

 

 

-пішіні  қандай?

-осыған  қарап  қай елдің белгісі екенін білуге болады.

-Елтаңба туралы тақпақ  айтады

----Никита:

 

 

 

 

 

----Ерасыл:

 

 

 

 

 

 

«Өз  туыңды  тап»ойыны.Шарты:

Ортаға  әр ұлттың  тулары тасталады,соның 

ішінен Қ.Р.туын тауып алулары керек.

-Сонымен  мынау не?

Түсі  қандай?

-пішіні  ше?

-Туда тағы нелер бейнеленген?

 

 

 

 

 

-Иә,балалар,Қазақстанда тұратын  барлық халықтардың  өмірі күндей  жарқырап,қырандай самғай берсін  дегені.

---Әліби:

 

 

 

 

 

 

---Жалғас:

 

 

 

 

 

 

СЕРГІТУ  СӘТІ:

Көк  жалау  желбіре,

Асқақтап  аспанда.

Жас  ұлан,ел бірге,

Сап түзе  жасқанба.

-Балалар  Қазақстанда қазақтардан  басқада  ұлт  өкілдері  тұрады.Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Қазақстанда әр ұлт өкілдеріне өмір сүру  үшін  жан-жақты  жағыдай жасалынған.Барлық  ұлт өкілдері  өздерінің  салт-дәстүрін,ұлттық  киімдерін  сақтап  қалған.Әр  ұлттың  табиғат  жөнінде  өз  болжамдары бар.Сол  болжамдардың  тәрбиелік  мәні  зор.

-экраннан  өзге ұлт өкілдерінің  тыныс  тіршілігін  тамашалайық.Ал  енді балалар  ,алдымыздағы  картадан Қазақстанның  әр қаласынан  өндірілетін  өнімдер,қазба  байлықтарды  тауып,олардың  суреттерін  картаға  ілейік.Ал  енді Отан 

туралы  қандай  мақал-мәтелдерді  білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

-Балалар  біз қандай  елмен таныстық,қай  ел  туралы айттық?

-Рәміздерді  қалай  аталады?

-Балалар  болашақта  Отанымыздың  қандай  болғанын  қалайсыңдар?

Бұл  сұраққа  ортадағы  суреттерден  алып  жауап  береді.

1-бала:Отанымыз  гүлденсін.

2-бала:Астық  мол  болсын.

-Балаларымыздың  тілектері  қабыл  болсын!Олай  болса құрметті  қонақтарға  балалардың  қолындағы  бейбіт  ұшақтарын  көк  аспанға  ұшыруға  рұқсат  етіңіздер.Балалардың  ұшырған  бейбіт  ұшақтары  қазақ  жерінде  биікте  ұшсын  деген  тілекпен  бүгінгі  сабағымызды  аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы

 

 

 

 

-Макинск қаласында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-«Балдырған»балабақшасына.

-қазақ

 

-қазақ тілінде

 

 

 

 

 

 

Ана тілің арың бұл,Ұятың  боп  тұр бетте.Өзге  тілдің бәрін біл,Өз тіліңді

құрметте.

 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Әнұран,Елтаңба,ТУ

 

-иә

-Балалардың жауабы

-оң қолымызды жүрегімізге қойып,тік  тұрамыз.

-Ж.Нәжмеденов,Н.Ә.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов

 

Әнұраны елімнің,Шақырады  бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

-Қастерлемес  халқын кім,

Қадірлемес  салтын кім?

Әнұраны елімнің,

Үні,тілі халқымның.

 

-елтаңба

-ортасында шаңырақ,қанатты тұлпар, елтаңба төбесінде бес жұлдыз,төменгі  жағында»Қазақстан"» -деген жазу бар

-дөңгелек.

 

 

 

 

 

Елтаңбасы  елімнің,Неткен  әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,Ортада  аспан әлемі.

-Құт береке  шаңырақ,Орын алған ол  төрден.Қанатты  қос  арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

Ойынды  қызыға  ойнады.

 

 

 

-ту

-көк

-тік төртбұрыш

-ортасында  күннің  көзі,астында  қыран  құс,ұлттық оюлар  бейнеленген.

 

 

 

 

-

 

Айнымайды  аспаннан,Біздің  тудың  бояуы.Оны халық  қашанда,Биікке  іліп  қояды.

 

Көк  аспандай көкпенбек,Қазақстан  жалауы.

Көк  емес  ол тектен  тек,Елдің  ашық қабағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бала:Отан-отбасынан  басталады.

2-бала:

Отансыз  арман,ормансыз  бұлбұл.

3-бала:Отан  үшін  отқа  түссең  жанбайсың,суға  түссең  батпайсың.

4-бала:Отан-елдің  анасы,ол ердің анасы.

 

 

 

-Қазақстанмен

-әнұран,елтаңба,ту

 

 

 

 

 

 

3-бала:Жеріміз  аман болсын

4-бала:

Отанымызды  сүйемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Педагогика | Добавил: admin | Теги: Қазақстан ортақ үйіміз
Просмотров: 2218 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz