MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел иесі.
[ Скачать с сервера (13.1 Kb) ] 19.06.2014, 15:21

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі  ел иесі.

Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім    қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек  білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім,- деп  ұстаздар қауымына  қиындығымен қызығы қатар жүретін салмақты жүк  артылған.  Ұстаздар- біреудің уақытын аялап,  өзінің уақытын аямайтын жандар. Қай ұстаз болмасын  өз шәкіртінің білімді, жан-жақты, ойын шебер жеткізе білетін, дұрыс сөйлеп, сөз қадіріне жете білетін ұрпақ болуын қалайды. Осы орайда Кембридж әдіс-тәсілдерін негізге ала отырап, жас ұрпақты оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдері негізінде білім беру тиімді деп ойлаймын. Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» бас, қол, жүрек осы үш қасиеттері болған жағдайда оқыту жақсы болып саналады деген яғни мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моралдық құндылықтарын ұсынады. Демек олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар деп жүрек қасиетінде бейнелеген. Кембрижд бағдарламасындағы жеті модулді сабағыма енгізе отырып, оқушының жас ерекшелігіне сай деңгейлік тапсырмалармен қоса тиімді әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта дұрыс қолдануды мақсат тұтып отырмын. Оқыту мен оқуда ақпараттық –комуникациялық технологияларды  пайдалана отырып, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңарып отыр. Әлем жаңаруда мұғалім де өзгеруі қажет деп ойлаймын.Мұғалім еңбегінің  нәтижелі  болуы әрдайым  аянбай еңбек етуінің арқасы.

Сондықтан да, ізденіс үстінде жүрген ұстаз, бала бойында өмірлік азық боларлықтай қуат, нәрі мен шуағын төге алады. Жаңалықтар мен тиімді әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, алдымызда отырған шәкірттеріміздің алған білімдерін ары қарай дамытып, өмірде қолдана алатындай етіп бойына сіңдіре білсек, сөзсіз ертеңгі ел қамын ойлайтын азамат болатынына септігіміз тиері қақ.  «Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес,  мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауы тиісті»,- деп М.Ариноридің  жақсы сөзімен эссемді аяқтағым келіп отыр.

Категория: Әр түрлі | Добавил: admin | Теги: ел, Ұстаз, шәкірт
Просмотров: 873 | Загрузок: 43 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz