MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Латын және көне грек тілдерінің фармацевтикалық. терминологияның дамуына қосқан үлесі және латын тілінің жалпы мәдени мағынасы.
[ Скачать с сервера (36.2 Kb) ] 18.12.2013, 16:54
Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.Грек тілімен қатар латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының  тілдері қатарына жатқызылады. Жалпы тараған лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (яғни қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Италилік тілдер қатарына Италияда б.з.д І ғ. екінші ширегінен б.з І ғ. аралығында мекендеген ежелгі италилік тайпа тілдері жатады (тарихқа мәлім оск, умбр, сикул және т.б). Өз кезегінде италилік тіл үндіеуропалық тіл тобына жатады, сонымен қатар бұл топқа грек тілі, үнді тілдері, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б тілдер жатады. Латын тілінің атауы Тибр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Лациум (Latium) тарихи аймағында мекендеген ежелгі италилік латын тайпасымен тығыз байланысты. Лациумнің орталығы б.з.д VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды. Оның негізін латындар мен сабиндік ауылдардан тұрған, ал саяси және мәдени жағынан гректер мен этрускілер үстемдік етті. Б.з.д 753 жылы Римнің қалыптасқан уақытында мемлекеттің басты құрамын италиктер құрап, екі диалектикалық топ – латын - фалилік және оск - умбрилік топтарды қалыптастырылған-ды. Латындар алғашында ежелгі Лация территориясында өмір сүрген, оның шекаралары-Тибр және Аниен өзендері, Апенин, Вольск таулары мен Тиренн теңіз аралығы.Римдік жаулап алу соғыстары кезінде олардың тілі бүкіл Италияға, кейін бүкіл антик әлеміне тараған. Латын хаты ежелгі римдіктермен пайдаланылып, Батыс Еуропа халықтарының көптеген хаттарының негізі болған. Латын алфавиті алғашқы уақытта көп түрлі алфавиттердің бір түрі еді, ал финикилік алфавитті гректер мен басқа халықтармен қабылданып алудың нәтижесінде қалыптастырды. Латын жазуын  батысгректік жазуға жақын және шығысгректік ионилік алфавиттен ерекшеленетін этруск  алфавиттерінің бірі де қолданылған. Көптеген әріптердің жазылуы аталып кеткен алфавиттерде өзгеріссіз сақталса, осы әріптердің дыбыстық мағынасы өзгеріске ұшырағаны байқалады. Латын алфавиті ежелгі грек алфавитіне ұқсас келеді. Антикалық тарихи әдепке сәйкес жазу өнері Лациумге гректермен Пелопоннестен әкелінген, олар Рим орталығында орналасқан Паланиге көшіп қоныстанған. Латын алфавиті мен жазуы пайда болуының әртүрлі нұсқалары бар. Ең кең 
Категория: Әр түрлі | Добавил: admin
Просмотров: 1743 | Загрузок: 165 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz