MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Мен - XXI ғасыр мұғалімімін
[ Скачать с сервера (16.8 Kb) ] 19.06.2014, 15:29

Мен - XXI ғасыр мұғалімімін

« Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз,

алысты барлап, кең ауқымды ойлай

білетін   осы заманғы  мұғалімдерсіз

инновациялық  экономика құра алмаймыз»

Н.Ә.Назарбаев

Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыру қажет. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да өз құзыреттілігі мен кәсіби дамуы үшін әлемдік желілік байланыста болу шарт. "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді" деп қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, жақсы мұғалім  ең алдымен оқушының ішкі жан дүниесін жақсы түсіне білуге міндетті. Содан соң, жекелеген оқушылардың пәнді жете түсінуін, өзін бағалай алуын  және оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болу керектігін үйрету қажет. Ұлы ақынымыз Абай:"Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деп өз даналық ойлары арқылы кемел адам сипатына тән қасиеттерді көрсетіп кеткен. Балалар танымдары олар мектепке бармай тұрып басталады. Балалар танымға бір қадам жасағанда дамуға екі қадам жасалады деген сөз. Сондықтан да жаңадан оқыту әдісі бойынша білім берудегі ең маңызды мәселе оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту болып отыр. Оқушы бастауыш сыныптан бастап, сыртқы реттелуден ішкі реттелуге үйренуі қажет. Мұғалім бұл үдерісте көмек көрсететін жан. Оқушылар мәселені, проблеманы шешу үшін ойлау керек, ал мұғалім ойлау туралы ойлануға үйретеді. Бұл – сыни тұрғыдан ойлау болып табылады.

Кембридж тәсілі арқылы оқытудың тиімділігі мұғалімді тыңдағанда ғана емес, тиісінше вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында сапалы болатынын алға тартады. Қазірдің өзінде сыныптағы балалардың өзара сұхбаты танымдық қабілеттерін аша түсетіндіктерін айқын көрсетуде. Мысалы: оқушылар тақырыпты кеңірек ашуларына мүмкіндік алады, бірінің идеясын бірі тыңдауына, қабылдауына жағдай туады; оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады; мұғалімдер оқушылардың білімінің деңгейін анықтауына мүмкіндік туады; сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Осы даму үдерісіне орай мұғалім өзгеруі қажет, себебі- әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым - қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болуы өсудің тоқтамағанын  түсінгендіктен, сіз өзгересіз.Өзгеріс болу қажет-себебі, мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту - жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз. Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және сіз басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені- олардың да дұрыс істегені жөн. Сіз көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендіңіз.Қорыта келе мен өз пікірімді Альберт Энштейннің мына сөзімен аяқтағым келеді: «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын».

Категория: Әр түрлі | Добавил: admin | Теги: Ұстаз, XXI ғасыр мұғалімі
Просмотров: 2948 | Загрузок: 117 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz