MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Полярографиялық толқын, жартылай толқын потенциалы.Илькович теңдеуі, полярографиядағы маңызы.
[ Скачать с сервера (213.5 Kb) ] 18.12.2013, 19:34
Электрохимия - физикалық  химияның  процестер  нәтижесінде  электр  энергиясының  пайда  болуын  және  электр  тогының  физикалық- химиялық  жүйеге  тигізетін  әсерін  зерттейтін  бөлімі.  Электрохимия  иондардан  құралған  жүйені  және  олардың  материалдармен  жанасқан  аралықта  жүретін  процестерді  қарастырады.Полярографиялық  талдау  әдісі – электрохимиялық  талдау  әдісінің  бірі  болып  табылады.  Ол  электрополярографиялық  ұяшықтағы  зерттелетін  ерітіндінің  электролизі  кезінде  алынатын  вольтамперлі  қисықтарды  анықтауға  негізделген.  Бұл  әдісті  1923ж  чех  ғалымы  Я.Гейровский  ерітіндідегі  ток  күшінің  кернеуге  тәуелділігін  зерттей  отырып,  ұсынды.  Оны  одан  әрі  қарай  дамытқан  А.М. Фрумкин.Полярография  (фр. Polarographie) – ток  пен  заттың  концентрациясының  өзара  тәуелділігінен  туатын  электр  тогын  анықтауға  негізделген  әдіс  болып  табылады.  Полярографиялық  тәсілдің  басты  ерекшелігі – катод  ретінде  сұйық  тамшылауыш  сынапты  пайдалану  (электрототықсызданатын  заттарды  анықтауда).  Тамшылауыш  сынап  электроды  дегеніміз  диаметрі  өте  жіңішке  түтіктен  тамшылап  сынап  ағып  тұратын  құрылғы.  Тамшының  диаметрі  0,4 - 0,7  мм,  ал  бетінің  ауданы  2– 6  мм.кв.  Сынап  электродында   тамшы  үзілген  сайын  оның  беті  жаңарып,  яғни  қасиеттері  бірдей  иондардың  разрядталуына  жағдай  жасалады.  Сонымен  қатар,  тамшы  бетінің  ауданының  мардымсыз  болуы  электрод  яғни,  катодтың  поляризациялануын  анодқа  қарағанда  бірнеше  есе  арттырады. Ал,  қосымша  электрод  (анод)  қызметін  катод  бетінің  ауданына  қарағанда  аудан  беті  жүз  еседей  үлкен,  арнаулы  ыдыстағы  сынап  (каломель,  хлоркүміс)  атқарады   (электрототығатын  заттарды  анықтауда)  және  бұл  іс  жүзінде  поляризацияға  ұшырамайды.  Полярографиялық  ыдыс  арқылы  өтетін  ток  күші  өте  аз  және  бұл  ыдыстың  кедергісі  мардымсыз  болғандықтан  мұны  жоюға  кететін  кернеу  шамасы  да  өте  аз  болады.  Сонымен  ток  күшінің  өзгеруіне  байланысты  ыдыстағы  кернеудің  артуы  немесе  кемуі  тек  катодтық  потенциалдың  өзгеруіне  байланысты  яғни,  φ+=const,  φ-=U.  Демек,  электродтарға  берілетін  кернеу  толығымен  катод  потенциалын  өзгертуге  жұмсалады.      Полярографиялық  әдіс  өте  сезімтал  болып  келеді  яғни  зерттелетін  заттың  өте  аз  мөлшерін  (10-3 – 10-11)  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  полярографиялық  әдіспен  қосылыстарды  бір-бірінен  бөлмей-ақ,  бір  мезгілде  бірнеше  заттарды  анықтауға  болады.  Анықтауға  кететін  уақыт – біренше  (10)  минут.Қондырғының  жұмыс  істеу  байыбын  айтпас  бұрын,  оның  құрылысмен  танысайық.  Полярографиялық  талдау  арнайы  полярографтарда  орындалады. 
Категория: Әр түрлі | Добавил: admin
Просмотров: 1093 | Загрузок: 157 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz