MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Сыни тұрғыдан оқыту- болашағымыздың жарқындығы
[ Скачать с сервера (19.8 Kb) ] 19.06.2014, 15:27

Сыни тұрғыдан оқыту- болашағымыздың жарқындығы

Қазіргі ғылым мен техника өркендеген заманда көштен қалмай, еліміздің терезесі өзге дамыған елдермен теңесе алуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу әр бір мұғалімнің парызы. Еліміздің көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов айтқандай «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» деген екен.Ең алдымен білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір мұғалімнің қасиетті борышы. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегеннің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Мұғалім, адамды қалыптастырып, тұлға етіп тәрбиелейтін өнегелі маман иесі. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды, мінез-құлықтың да, сөйлеудің де әдеп-құлықтың да киім киюдің де қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол қасиеттер-оқушы  көзінен, назарынан, үнінен білуі, ұғынуы, көңіл-күйді сезініп түсінуі оқушылар жүрегіне жол ашар кілтін табу деген сөз. Қандай қоғамда болсын мұғалімнің иығына артылған салмақтың ауыртпашылығы бар. Бірақ соған қарамастан мұғалім бәрін жеңуге тиіс.Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаның жан-жақты жетілдірілуінде таным баспалдақтарына жетелер дағды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау мұғалім мақсатының бастау көздері.
Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа үлгісі қалыптасуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу.Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Сыни тұрғыдан ойлану әдіс- тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалды.Бұл әдіс – тәсілдер оқушыларға:
-еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- ақыл-ойын дамытады;
-шығармашылық белсенділігі артады;
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-тіл байлығы жетіледі;
-жан-жақты ізденеді;
-өз ойын жеткізеді;

Сыни тұрғадан оқыту бұл оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйретеді.  Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег:«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»– деген. Ал әлемнің екінші Аристотелі атанған Әл-Фараби бабамыз «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым». Бұдан келіп шығатын қорытынды сыни тұрғыдан оқытудың тиімділігін көрсетеді.

Категория: Әр түрлі | Добавил: admin | Теги: болашағымыздың жарқындығы, Сыни тұрғыдан оқыту
Просмотров: 1420 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz