MENU
Главная » Файлы » Рефераттар Қазақша » Әр түрлі [ Добавить материал ]

Заман талабына сай
[ Скачать с сервера (14.3 Kb) ] 19.06.2014, 15:30

Заман талабына сай

Заман талабына сай  адамдардың ақыл - ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – бұл заңды құбылыс.  Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісін рухани дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары  ұлағатты болуы керек. Менде осы мақсатпен үш айлық  Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін оқып, тәжірбие алмасуға келдім.  Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы  оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.  Шульман (2007) мұғалімнің  үш көмекшісі – бас (кәсіби түсінік), қол (оқытудың  тәжірбиелік  дағдылары),  жүрек (кәсіби – өнегелік тұтастық) деп атап көрсетті. Яғни әрбір мұғалімде  Шульманның осы аталған үш көмекшісі болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады екен. Хэтти (2009) «Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген  тәсіл кең тараған» деп атап көрсетті. Яғни аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын  оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін тыңдауға, келіспеушілікті құрметпен білдіруге назар аударылады. Яғни, оқшыларды одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеу  және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады. Нәтижесінде тәуелсіз, ойшыл және өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады деп сенемін

Категория: Әр түрлі | Добавил: admin | Теги: Ой, Заман талабына сай, ақыл
Просмотров: 1626 | Загрузок: 102 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz