MENU
Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Адам мен отбасы

Тақырыбы: Адам мен отбасы

Мақсаты: “отбасы жарастығы», «бақыты», «қуанышы»  ұғымдары туралы                                         түсінік беру.
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы    мағлұмат беру;
- оқушыларды өз отбасын құрметтеуге шақыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру; 
Көрнекілік: плакат. маркер, смайлигтер, кималар
Қызығушылықты ояту сатысы:
Саламатсыңыздар ма? Сабағымызды бастамас бұрын кесінділерді таңдайық.
 /«әке», «ана», «бала» сөздері жазылған кима сөздерді ұсынамын/ 2-3 мин.
-Олай болса таңдап алған сөздерге байланысты топтарға бөлінейік. Әр топқа тапсырма таңдаған сөздерге байланысты топқа ат қою, ұран даярлау, сосын бір шумақ өлең айту /2-3 мин.
- Әр топқа қорғауға. 3-4 мин.
Мағынаны тану сатысы: 
- Қалай ойлайсыздар қандай ниетпен біздер «әке», «ана», «бала» болып үш топқа бөліндік?
- Бұл үш сөз арқылы отбасы, жанұя деген ұғымды қарастыруға болады.  Отбасы, жанұяны сөздерін естігенде қандай ой пайда болады? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Адам мен отбасы»
- Мәтінмен жұмыс. Оқулықтың 114 беттінде  «Мен оны пір тұтамын» атты әңгіме берілген талқылайық.  Әр  топқа тапсырма: мәтін бойынша пікірлерді жинақтап, өз пікіріңді ұсын.
Айтылған пікір Менің пікірім
Біздің қолымыздан енді ешнәрсе келмейді. Тезірек үйіңізге алып кетіңіз.
Мұрат, жаман айтпай жақсы жоқ деген,  жолда олай бұлай болып кетсе қайтесің.
Нағыз бақыт жұмыр басты пенде үшін екі аяғынан жер басып тұру екен ғой.
Қиын қыстау күндері қасымда болып, басымды сүйеді. Өмірдің қызығын да, қиыншылығын да қатар бөлісті.
- Олай болса сендердің ойларыңша «отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
 
- Жалпы жауаптарыңызды салыстырайық. 
 
- Келесіде, «отбасы жарастығы» неге байланысты  деп ойлайсыздар?
 
Сіздердің ойларыңызды салыстырайық.
 
Бейнероликке көңіл аударайық. /Өмір мектебі/
- Адамға өмірде ең қымбат ол оның  - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Мақал-мәтелдерді аяқтау.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол  
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Бiр бiрiңдi қадiр тұт,
Жұрт үлгi алсын, үңiлсiн
Екi жақсы қосылса,
Өлгенiнше дос болады.
Екi жаман қосылса,
Өлгенiнше өш болады.
Атанда бала туар,
Атасының жолын куар.
 Нақыл сөздер. 
Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. /Б. Момышұлы/
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. /Қорқыт ата/
Отан  отбасынан  басталады. /В.А. Сухомлинский/.
Ұлт болам десең, бесігіңді түзе! /М. Әуезов/
Тұжырымдау сатысы: 
- Әр балаға сұрақ: Сен отбасыңда кімсің? Өзіндік  орның қандай?
Үйге тапсырма: «Менің отбасым» эссе жазу. 120 бетті мазмұндау.
Қорытынды: Рефлексия
Әр топқа геометриялық кесінділер ұсынамын, оларға:
-            Шеңберге сабақтан алған әсеріңді жаз.
 
          Келесі сабаққа ұсыныс
 
        Әр топқа тілек
            Әр топқа тілек
            Өзіңнің тобыңа тілек
            Өзіңнің тобыңа тілек
НӘТИЖЕСІНДЕ: «Бақытты отбасы»
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1767 | Теги: Адам мен отбасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz