MENU
Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі ойыншықтар

Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі ойыншықтар

Соңғы жылдары кең көлемде дамыған қуыршақпен ойынды бақылау өте сирек кездеседі. Оның мәні неде? Неге қазіргі заманғы балаға қуыршақпен ойын қызықты емес болып қалды?
Бұл ересектердің балаға көп көңіл бөлмегендігінен болған сияқты, өйткені балалар өздерін өздері ойнамайды, бұл қызық емес. Сонымен қатар өнеркәсіп ұсынған қуыршақ сондай тартымсыз, сымбатсыз, сондықтанда балалар олармен ойнауға қызықпайды. Ал қазіргі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері оқу әрекетіне көбірек көңіл бөледі, сондықтанда балаларда ойынға уақыт жоқ, ал ондай мүмкіндік бола қалған жағдайда оны қалай істеу керек екенін білмейді: тәрбиешілер оны ұмытты.
Бұдан шығатын қорытынды: оқу-тәрбие мекемелеріне ойыншықтарды қайтару қажеттігі жетті.
Сондықтанда МДҰ балаларды тәрбиелеу жұмысында ойыншықтарды қолданудың түрлі әдістерін енгізу қажет.
Ол үшін: 
1. Балалар ойынының тақырыбын таңдау.
Қыз балалардың сүйікті ойындары – отбасы, аурухана, дүкен, ал ең ерекше қызығушылық туғызатын ойыншығы – қуыршақ. Ал ер балалардың сүйікті ойындары - әскери және көлік құралдарымен байланысты, ойыншықтары машина, қару-жарақтар. Балалар ойындары қарапайым және жәй ойыншықтармен ойынға саяды.
2. Сабақтарда қуыршақты таңғажайып сәт ретінде пайдалану. Қуыршақты тек сабақта ғана емес, басқа әрекет түрлерінде де кіргізуге болады. Қуыршақ балаларға түрлі күрделі тапсырмаларды шешуді ұсынады және бір нәрсеге үйретеді. Балалар қуыршақ ұсынысына шын көңілдерімен келісіп, оның тапсырмаларын орындайды.
3. Қуыршақтармен ойынды ұйымдастыру және өткізу.
Қуыршақтар кейіпкер ретінде қолданылады. Қуыршақтың бет әлпеті, киімі балалар көңілін аударатындай әдемі, ерекше болуы қажет. Ол топта тұрмайды, балаларға айына 2-3 рет 25-30 минуттай уақытқа қонаққа келеді. Қуыршақтың сиқырлы қасиеті бар. Ол барлық жайттан хабардар, ол топта не болып жатқанын біледі, оған бұл үшін, сиқырлы сыбызғы немесе шынысы көмектеседі. Ол балаларды жақсы көреді, олардың жасаған жақсы істеріне қуанады. Мұндай жұмыс қуыршақты адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Тәрбиешіге мынадай тапсырма беріледі:
1.    Топ қуыршағының тарихын құрастыру.
2.    «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында мереке өткізу.
3.    Батырлық сипаттағы ойын ұйымдастыру: құтқарушылар, өрт сөндірушілер, әскери және көркем шығарма кейіпкерлерінің қатысуымен ойын.
4.    Ер балаларға сәби қуыршақпен «Анамыз үйде жоқ» ойынын ұйымдастыру.
5.    «Бізге өзге елден қонақ келді» ұлттық қуыршақты қолдану арқылы ойын ұйымдастыру.
Қазіргі заманғы балалардың адамдарға, қоршаған әлемге қатынасы, жақынын және бәрінен бұрын өзін-өзі түсіну қабілеті олардың қандай ойыншықпен, қалай ойнағанына байланысты көрінеді.

Балаларға қандай ойыншықтар қажет?

-    Ойыншықтар – бұл әдейі бала ойынына арналған зат. Ойыншықтар балаға өз ойын іске асыруға көмектеседі, ойынды шындыққа жақындатады;
-    Мазмұнды қуыршақтар – малдың мүсіндері, жиһаз, ыдыс, үй тұрмысына қажетті заттар;
-    Техникалық ойыншықтар – көлік, конструкторлар, түрлі техникалық қондырғылар;
-    Қызықты ойыншықтар – күлкілі адамдардың, аңдардың мүсіндері;
-    Маскарад, шырша ойыншықтары – жаңа жыл мерекесіне байланысты;
-    Спорттық-моторлы ойыншықтар – балалардың қимыл белсенділіктерін арттыруға, қимыл үйлесімділігін дамытуға, кеңістікті бағдарлауына 
     мүмкіндік туғызады;
-    Театрлық ойыншықтар – үлкен мәні бар, эстетикалық тәрбие, тілді дамыту, қиялдау мақсатына қызмет етеді.

Бірігіп, біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.

Ойнай отырып, біз балалармен олардың әлемінде қарым-қатынас жасаймыз. Балалар ойындары әлеміне кіре отырып, біз көп нәрсені үйренеміз және балаларды үйретеміз.

Ойын бізді неге үйретеді?

•    Баламен бала тілінде сөйлесуге;
•    Балаға үстемдік ету сезімінен арылу;
•    Өзімізде балаға тән сипаттарды ояту: шыншыл, таза сезім;
•    Бейнеге еліктеу, сезіну, уайымдау сезімдері арқылы өзі үшін үйрету әдісін 
ашу;
•    Балаларды қандай болса, сондай күйінде жақсы көру. 

Ойнай отырып, біз балаларды неге үйрете аламыз?
•    Өздеріне басқа жағынан, өзге адамдардың көзімен қарауға;
•    Түпкі кейіпкер мінез-құлығын көре білу;
•    Ойнаушыларға өз әрекетін, өз ықыласын, өз сезімін түсінікті жеткізу;
•    Шындыққа ұмтылу, тек басымдылыққа ұмтылмай ойын кезінде келісімге 
     келу;
•    Бір-біріне сену

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1902 | Теги: Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz