MENU
Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Қысқы көңілді ойындар!

Қысқы көңілді ойындар!

Мақсаты: Табиғаттың сауықтырушылық күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтап нығайтуға ықпал ету. Қимыл – қозғалыс қабілеттерінжетілдіріп, сергек, шат көңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімділікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Қажетті – құрал жабдықтар: 2 шана, ойыншықтар, қар жапалақтары – бала санына.                        Кейіпкерлер: Қар – адам.Өткізетін жері: Балабақша ауласы.
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, балалар! Амандасу деген не?                                                    
Балалар: Амандасу - ол аман – саулықты сұрау. Адамдар сәлемдескен кезде бір – біріне денсаулық тілейді.
Тәрбиеші: Аман – саулық немесе денсаулық деген не?
Балалар: Денсаулық – ол күш-қуат, ептілік, шымырлық, тазалық, сұлулық, жақсы көңіл-күй.
Тәрбиеші: Бүгін сендерді шынығып шымыр болып, аязға қарсы тұру үшін, батырлар мен батылдардың еліне саяхатқа шақырамын. Аяздан қорықпай, қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма? Ендеше, сиқырлы пойызға отырып, саяхатты бастайық!
Балалар бірінің артынан бірі тізбекпен тұрып, қолдарын бір-бірінің иығына қойып, тәрбиешінің артынан ирек жасап жүреді. Тәрбиеші аялдаманы жариялайды.
Бірінші аялдама: «Жаттығу қаласы»
Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, бізді кім қарсы алып тұр? (Аялдамада Қар-адам тұрады).
Қар-адам: Амасыңдар ма балалар! Денсаулық мықты болу үшін, шынығып шымыр болу үшін әр күнді неден бастау керек?
Балалар: Таңғы жаттығудан.
1-ші бала:Таңертеңгі жаттығуды, орындаймыз күнде біз.
2-ші бала: Нығайтамыз денсаулықты, болу үшін бізде күш.
3-ші бала: «Қыстың суық күндерінен,
 Аяз соққан желдерінен.
Қорықпайды бүлдіршіндер,
Шұғылданған спортпенен!»
Музыка сүйемелдеуімен балалар көңілді жаттығуды орындайды.
1-ші жаттығу: «Қарлы мүсіндер»
Аяқтарды  - топылдат!
Соқ қолыңды – шапалақ!
Бастарыңды шайқалтып,
Соз колыңды аспанға.
Отыр бүгіп тізеңді,
Қайта секір түзеліп.
          Жүгір шеңбер бойымен!
          Үшке дейін санаймыз!
          Қарлы мүсін жасаймыз!
          Бір, екі, үш!
(Балалар бір орында мүсін жасап тұрып қалады).
2-ші жаттығу: «Спортшы қоян»
Құлақтарын шошайтып,
Отыр аппақ қояным.
Басын бұрып жан-жаққа,
Қайта-қайта қарайды.
Тоңып қалды қояным,
Жылдам ойын ойнайық,
Соқ-соқ, шапалақты соқ!
Топ-топ, аяғыңды соқ!
Секек-секек қозғалып,
Шеңберде жүгір айналып!
(Балалар сөздерін айтып қимылдарды салады).
Қар-адам: Жарайсыңдар, мені өздеріңмен бірге саяхатқа алыңдаршы!
Балалар: Жүріңіз Қар-адам.
Тәрбиеші: Сиқырлы поезға отырып, саяхатымызды жалғастырайық!
(Балалар тізбекке тұрып жүреді).
Тәрбиеші: Келесі аялдама «Спорттық қала»
Қар-адам: Спорттық қалада жарыстар өтеді. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма? Ал менің жолдастарым аю мен қоян бір-бірімен жарысқанды ұнатады.
Эстафета: «Аңдар жарысы»
(Балалар екі топқа бөлініп, ойыншықтарды шанамен белгілі жерге дейін тасып жарысады).
Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырамыз. Сиқырлы пойызға отырыңдар.
Келесі аялдама-«Ойын қаласы».
(Балалар бір тізбекке тұрып жүреді).
Қар-адам: Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар қызықты ойын ойнаймыз.
Жұмбақ:
1.Шанамен сырғанап келемін,
   Шаңғы, коньки тебемін,
   Аққала жасап ойнайтын.
   Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
2.Қолы жоқ, сурет салады,
   Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
3.Мамықтай ұлпа,
   Қанттай ақ.
   Қыста жер бетін басады,
   Жазда сайға қашады.(Қар)
Ойын: «Жылдам топ»
   Екі топтың балалары қарама-қарсы жаққа белгіленген сызықтан асыра қар лақтырады. Қай топта қар домалақтары көп болса, сол женімпаз болады.
Тәрбиеші: Сиқырлы поезға отырып, келесі аялдамаға аттанайық.
Келесі аялдама: «Музыка қаласы»
Қар адам: Қазір жылдың қай мезгілі? Далада не жауып тұр? (Қар жапалақтары). Музыка қаласында би билеп, ән айтады. Мен сендерді би билеуге шақырамын.
Би: «Қар жапалақтары»Балалар шеңберге тұрып, қолдарына қар жапалақтарын ұстап билейді.
Тәрбиеші: Балалар, келесі аялдама «Айгөлек» балабақшасы. Қар – адам әрі қарай суық жаққа саяхатқа кетеді.
Қар-адам: Балалар, сендер суықтан, аяздан, қиындықтан қорықпайтын қайсар, батыр балалар екенсіңдер. Сендермен саяхатқа шығу маған ұнады. Сау болыңдар! Балалар қоштасып бақшаға кетеді
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 4381 | Теги: Қысқы көңілді ойындар! | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz