MENU
Главная » Статьи » Қазақ тілі

Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Етістік толық теориялық білім беру, етістіктің негізі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылығы: Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Ұлттық тәрбие берудің жолы - тиым сөздерді білуді нығайту. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап. Ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Көрнекі құралдар: Сызбалар, топтамалар, суреттер, парақшалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.
Тірек сызбамен жұмыс.
- Оқушылар, заттың нелері болады?
- Аты, сыны, қимылы.
- Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз?
- Сөз таптары.
Ережелерді "Көрші" ойыны бойынша пысықтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Зат есім дегеніміз...
ә) Жалқы есім дегеніміз...
б)Туынды зат есім дегеніміз...
в) Сын есім дегеніміз...
г) Етістік дегеніміз...

Сөз таптары
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың буын, буыннан сөз, сөзден - сөйлем, сөйлемнен – мәтін құралады. Сөздер сөз таптарына бөлінеді.
Зат есім тарауы бойынша білімдерін тиянақтау.
Зат есім
Жіктелуі
Жекеше түрі
Көпше түрі
Жалқы есім
Жалпы есім
Негізгі зат есім
Туынды зат есім
Зат есімнің тәуелденуі

III. Жаңа сабақ. 380- жаттығу

- Мәтінді түсініп оқы.
- Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.

IV. Жұмбақты жатқа жаз.
Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.
- Етістіктердің астын сыз, дара немесе күрделі екенін айт. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр.

V. Сергіту сәті.
VI. Өз беттерімен жұмыс.
383-жаттығу
Үш топқа тапсырма беріледі.

I топ II топ III топ

Еріді,жылыды, оқыды
еріп жатыр, жылып кетті, оқып отыр

VII. Әр қатар жазған зат есімдерден туынды етістік жасау. 384-жаттығу

жыр-...би- ...ой-... шеге- ...тұз-
ақ- ...қара- ...жаңа- ...ірі- ...ұсақ-

Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдау, қалай жасалып тұрғанын анықтау.
Венн диаграммасы
Би - Биле

VIII. Суретпен жұмыс. Әр топқа берілген парақшалардағы тапсырмаларды орындату.
1 тапсырма – мәтіннен туынды етістікті теріп жазу
2 тапсырма - туынды етістікті қатыстырып сөйлемдер құрату.
386-жаттығу


IX. Тиым сөздердің мағынасын түсіндіру.
Әр топ өздеріне берілген тиым сөздердің мағынасын түсіндіру.
Есікке керілме. Бүйрегіңді таянба. Үйге қарай жүгірме.

X. Үйге тапсырма 387 жаттығу
XI. Сабақты қорыту
XII. Бағалау.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1478 | Теги: Етістік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz