MENU
Главная » Статьи » Қазақ тілі

Мектеп демалысы. Сан есім. Реттік сан есім

Сабақтың тақырыбы:  Мектеп демалысы. Сан есім. Реттік сан есім

Грамматикалық тақырып: 
Сабақтың  мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушылардың өткен сыныптарда сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикада ұштастыру. 
2. Дамытушылық: Оқушылардың сан есім туралы ой – түсінігін, ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту. 
3. Тәрбиелік: мектепте тәлім – тәрбие беріп отырған аяулы ұстаздарын қадірлеуге, аялауға, көмек беруге тәрбиелеу, оқу құралдарын ұқыпты және таза  ұстауға үйрету. 
Сабақтың әдісі: жұптық жұмыстар, сұрақ – жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: грамматикалық кестелер, тақта, ой толғау, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, сурет, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру арқылы, жағымды жағдай туғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеруГүл, жапырақ, қағаз, мұғалім, қалам, қарындаш, үстел деген сөздерді септеңдер және көптік жалғауларды жалғаңдар.  
ІІІ. Негізгі кезең. Өткен тақырыпты еске түсіріп, ой толғау толтыру, сұрақтарға жауап беру. 
1. Балалар, біз неше күн демалдық?
2. Осы демалыс сендерге немен ұнады?
3. Наурыз мерекесін қалай тойладыңдар?
4. Кім, қайда барды?
 
Грамматикалық тақырып: 
Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады. 
Топтастыру әдісі:
Сан есім. 
• Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді. 
• Құрамына қарай: дара, күрделі. 
• Мағынасына қарай: 
1. Есептік                    3. Жинақтық                 5. Бөлшектік 
2. Реттік                       4. Топтық                      6. Болжалдық
• Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? 
Есептік сан есімге табиғи сандар жатады. Олар сан дәрежесіне қарай бірлік, ондық,жүздік,мыңдық сандар деп бөлінеді.   
Есептік сан есімқанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, он, бес, жиырма.
    Реттік сан есімдер есептік сан есімдерден –ншы, -нші (дауысты дыб.), -ыншы, -інші(дауыссыз дыб. кейін) арқылы жасалады. Олар нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, бірінші, екінші. 
  Есіңе сақта! Күрделі сан есімдерде –ншы, -нші, -ыншы, -інші  жұрнақтары тек соңғы сөзге ғана жалғанады. Мысалы, 2013- інші жыл – екі мың он үшінші жыл.
Жинақтық сан есім есептік сан есімдерден –ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалады. Нешеу? деген сұраққа жауап береді. 
  Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер тек бірден жетіге дейінгі сандарға жалғанады. Олар: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Екі, алты, жеті деген сан есімдерде соңғы буыны түсіп қалады.
Топтық сан есімдер(разделительные числ.) заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсетіп, қаншадан? нешеден? сұрақтарына жауап береді. Жасалу жолы:
есептік сан есім + есептік сан есім +  -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.
Мысалы: қатарға екі – екіден тұрыңдар.
Болжалды  сан есім (предположительные) заттар мен құбылыстардың санын дәл көрсетпей, шамамен болжап көрсетеді де қанша? неше?қай шамалы?қаншадай? нешеге жуық? сұрақтарына жауап береді. Жасалу жолдары: 
1. Сан есім + шамалы/ жуық/ таман / шақты / тарта / таяу. Мысалы: Дәрісханада он шақты студент отыр. 
2. Сан есім + -таған, -теген, -даған, -деген. Мысалы: Біздің ауылда жүздеген адам тұрады. Аспанда миллиардтаған жұлдыз жарқырап тұр
3. Сан есім + -дай, -дей, -тай, -тей. Мысалы: Қазақстанда екі жүздейбарыс бар. 
4. Сан есім + көптік жалғау. Мысалы: Оның әкесі елулерде. (Его отцу лет пятьдесят)
Алматтың жасы отыздарға келіп қалды. (Алмату лет тридцать)
Дәптермен жұмыс.
  1 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. 
Вторая парта, третий вагон, четвертый подъезд, шестой круг, восьмое письмо, десятый ученик, первый дом, пятое место.
Сергіту сәті
Жаза – жаза саусағым
Әлсіреді, шаршадым
Оңға, солға бұрайық
Сосын қайта жазайық
2-тапсырма. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу. 
12, 7, 18, 45, 236, 61, 58, 1912, 12345, 61917.
   3-тапсырма.  Төменгі сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар.
Жеті, он төрт, жүз, қырық, жүз жиырма, үш, алты жүз он, тоғыз жүз алпыс сегіз, бір мың жеті жүз жетпіс, үш мың сегіз жүз тоқсан, алты мың бес жүз жиырма, он бір мың төрт жүз отыз бір, жиырма жеті мың екі жүз елу.
   4-тапсырма.    Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғаңдар. 
Майра тоғыз.... сыныпта оқиды. Әмір екі.... курста оқиды. Нұржан үш жүз он бір.... үйде тұрады. Ғалия бес... қабатта тұрады. Есентай қырық тоғыз.... бөлмеде отыр. Бекзат Саттарханов екі мың... жылы Сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды. 
5 – тапсырма. Жинақтық сан есімдерді табыңдар. 
Түйенің өркеші екеу, аяғы төртеу. Нардың өркеші біреу. Біздің топта он үш студент бар. Оның жетеуі – ұл, алтауы – қыз. Асанның бес баласы бар. Бесеуі де үздік оқиды. 
Бекіту: 
 Сан есім деген не? 
 Қандай сұрақтарға жауап береді?
 Мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
 Құрамына қарай неше түрі бар?
 Мысал келтіріңдер
Үйге тапсырма:  Сан есімдер кездесетін мақалдарды жаттап келу. Ереже жаттау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 2196 | Теги: Реттік сан есім, Мектеп демалысы, Сан есім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz