MENU
Главная » Статьи » Қазақ тілі

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптарын еске түсіру, түрлеріне ажырату. Сан есім
туралы алған білімдерін тереңдету.
2. Сұрақ қоя отырып, оқушылардың дүниетанымын,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сөздерге сұрақ қоюға және нақты жауап қайтара
білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: ереже, тірек - сызбалар, жаттығулар, суреттер, сергіту, сөзжұмбақ.
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Ой қозғау
1. Қандай сөз таптарын білеміз?
2. Сан есім дегеніміз не?
3. Сан есімнің түрлерін ата?
Мағынаны таны
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша?
неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім дара, күрделі, есептік, реттік, топтау, бөлшектік болып бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ
1. Ең жақсы баға.
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
3. Қазақтың атақты пулеметші қызы.
4. Білім ордасы.
5. Сөз табы.
6. Тікенекті аң.
7. Жыл мезгілі.
Оқулықпен жұмыс
456 - жаттығу. Ауызша талдау.
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы.
Сан есімді тауып сұрақ қой.
457 - жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сыз.
458 - жаттығу. Өз бетімен жұмыс.
төрт сынып -... сынып
алты топ -... топ
он айналым -... айналым
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Әдемі етіп жазамыз
Күнде бестік аламыз.
Суретпен жұмыс
Суреттер арқылы сөйлемдер құрап сан есімді табу.

Ой тұжырымдау.
Үйге тапсырма: 459 - жаттығу.
Бағалау.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1317 | Теги: Сан есім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz