MENU
Главная » Статьи » Қазақ тілі

Зат есім

Тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Зат есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіру, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Дамытушылығы: Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін байқау дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ана тілін сүюге, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру. Ұлағатты сөздердің мағынасын түсініп одан үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсіл: Топтық, жеке жұмыстар. Венн диаграммасы.

Көрнекілігі. Кесте, ребустар, сөзжұмбақ, үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық

II.Үй тапсырмасын тексеру.
Тірек сызба бойынша төрт оқушы сөйлейді.

Жалқы - жалпы
Мөлшерін - түрін
Дәмін - түсін
Жекеше-көпше
Сапасын-сынын
дара күрделі
реттік есептік
сұрақтары

- Енді өзіміз білетін сөз таптарына сөз ойлап, сөйлем құраймыз.
1-топ – Зат есім
2-топ-Етістік
3-топ- Сын есім
4-топ- Сан есім

III. Жаңа сабақ.
Зат есім. Сын есім
Етістік. Сан есім


Мұғалім сабақ түсіндіреді. Ережелері: Сұрақтары:

IV. Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді оқып көшіріп жаз.
- Мәтін не туралы? Оған ат қой. Зат есімдерді тап.

V. Деңгейлік тапсырма түрінде орындалады.
1 деңгей. 276-жаттығу
Жалқы есімдерді ата. Олардың бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
2 деңгей. 277-жаттығу.
Сөздерді жекеше, көпше түрде 3 жақта тәуелдеп жаз.
3 деңгей 278-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

VI. «Сөзжұмбақты шешу»
ЗАТ ЕСІМ

VII. Өз беттерімен жұмыс.
1-топ – Зат есімдерді теріп жаз.
2-топ- Сын есімдерді теріп жаз.
3-топ-Сан есімдерді теріп жаз.
4-топ-Етістіктерді теріп жаз.

VIII.Сұрақтарға жауап беретін сөздерді көп нүктенің орнына қойып жаз.

(Не?)...гүлге қонады.
(Кім?)...егін екті.
(Не?)...- жердің аты.
(Кім?)...үйге кірді

Керекті сөздер: Сарыбел, атам, егінші, ара.

IX. Суреттерде бейнеленген заттарды теріп жаз.
Адамдар:
Өсімдіктер:
Жануарлар:
Жиһаздар:

X. Зат есім дегеніміз не?
жалқы ............тәуелденеді ............жалпы
негізгі ..............туынды
септеледі
жекеше ...........жіктеледі ...............көпше

XI. Үйге тапсырма.
XII.Сабақты қорытындылау.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1526 | Теги: Зат есім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz