MENU
Главная » Статьи » Қазақ тілі

Жаттығу жұмысы

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты:  
Білімділігі:             
Жаттығулар туралы түсіндіріп, дирижерлауға үйрету, меңгерту.
Тәрбиелігі                                                     
Оқушы бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, ынтасын арттыру.
Дамытушылығы:                                          
Оқушылар дыбыстарды дұрыс естіп ажырату үшін сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:                                               
Топтық
Сабақтың әдіс- тәсілдері:                      
Сұрақ –жауап, әңгімелесу.
Көрнекілік құралдары:                         
Күйсандық,  плакаттар.
Сабақ жоспары :    
1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасы
3) Жаңа сабақ
4) Оқушыларға тапсырма
5) Сабақты қорытындылау
6) Бағалау
7) Үйге тапсырма
                                                       Сабақтың жүрісі
 
1. Ұйымдастыру
Журнал бойынша оқушыларды түгендеу. Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
 2. Үй тапсырмасы.
Дыбыстар мен мақам жүйелерінің әріптік  белгілерін  карточкалық жұмыс арқылы жатқа сұрау.
1.Диез, бемоль, дубль диез, дубль бемоль, мажор, минор латынша қалай атаймыз?
2.Негізгі дыбыстардың латынша аталуы?
3.Жарты тонға жоғарылаған дыбыстардың латынша аталуы?
4.Жарты тонға төмендеген дыбыстардың латынша аталуы?
5.Диездік мажор мақам жүйелерінің әріптік белгілерін ата?
6.Бемольдік мажор мақам жүйелерінің әріптік белгілерін ата?
7.Диездік минор мақам жүйелерінің әріптік белгілерін ата?
 
3.  Жаңа сабақ. Тақырыбы: Жаттығу жұмысы
а) теориялық
Дауыс жаттығулар 
До мажор мақам жүйесінде тұрақты және тұрақсыз дыбыстарды байыптау, әр түрлі
сатыда интервалдарды, аккордтарды әндетіп  айту.
 
Жаттығуды оқу кезіндегі ескеретін басты мәселе:
1.Талдау үндестігін, өлшемін, нота  ұзақтықтарын.
2.Жаттығуды таза орындау үшін үнемі үндестіктің тоникалық үшдыбыстылығына    
  сүйену керек.
3.Өлшем бойынша нота ұзақтықтарына көңіл бөліп, дирижерлық үлгісін  нақты көрсете білу.  
 
Бүгінгі  сабағымыз жарыс  түрінде  өтеді.
1-қатар мажор тобы
2-қатар минор тобы
Қай топ дұрыс жауап беруіне байланысты бүтін 5, жартылық  4,  ширектік 3, бағамен бағаланып ұяшықтарына  салынады.
б) практикалық
 
4. Оқушыларға тапсырма
№111- жаттығу
Үндестілігі ля - минор
Өлшемі-2/4,  нота ұзақтықтары сегіздік, ширектік
1 фразасын мажор тобы, 2 фразасын минор тобы  бір-бірімен жалғастырып ырғақ соғу арқылы әндетіп айту.
 
№188-жаттығу
Үндестілігі си - минор 
Өлшемі-3/4,  нота ұзақтықтары сегіздік, ширектік, жартылық, ширектік кідіріс.
Жаттығуды әндетіп  дирижерлау. 
 
№293-жаттығу
Үндестілігі ля - мажор
Өлшемі-2/4,  нота ұзақтықтары сегіздік, ширектік.
Жаттығуды соль мажор мақам жүйесіне тасмалдап жазу.
Ребус шешу дыбыстарды анықтау.
 
5. Сабақты қорытындылау
Сабақты тиянақтау үшін, жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, сабақты 
 қорытындылау. 
6. Бағалау 
Оқушыларды білім деңгейіне, жаңа сабақты  меңгеруіне  байланысты   бағалаймын.
7. Үйге тапсырма
№ 111 – 188 - 293 жаттығуларды дирижерлап келу.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 2120 | Теги: Жаттығу жұмысы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz