MENU
Главная » Статьи » Биология

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда  мекендейтін  сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: оқукшылардың білім, білік дағдысын  қалыптастыру. Оқушыларға сүтқоректілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.Түрлеріне сипаттама беру
2.  Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.  Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.  Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Экология
Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.
Сабақтың барысы: 
                                      I Ұйымдастыру.
                                      II Үй тапсырмасын сұрау.
                                      III Жаңа сабақ.
                                      IV Сабақты бекіту.
                                      V Оқушыларды бағалау.
                                      VI Үйге тапсырма беру.
  I Ұйымдастыру.
 Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.
      II Үй тапсырмасын сұрау.
     I. Тест жұмыстары
     II. Сұрақ – жауап.
1. Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?
2. Сүтқоректілердің тері жабыны қандай қабаттан тұрады?
3. Сүтқоректілердің есту мүшесінің ерекшеліктерін атаңдар?
4. Құстар мен сүтқоректілердің қанайналым жүйесінде қандай ұқсастық және айырмашылық белгілері бар?
5. Сүтқоректілер қандай топтарға бөлінеді?
 ІІІ. Жаңа сабақ
сүтқоректілер класы
 
Бунақденеқоректілер отряды
       
Кемірушілер отряд
 
Бунақденеқоректілер отряды  Ертеден келе жатқан сүтқоректілер.Миы нашар дамыған,иірімдері болмайды. Дене температурасы онша тұрақты емес. Көзі нашар көреді,оның есесіне иіс сезуі жақсы дамыған.Оған:  кірпілер, жұпартышқан,  жертесерлер , көртышқандар  жатады.Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солт. өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді.Жұпартышқан Еділ, Жайық, Тобыл , Обаған шағын өзендерінде кездеседі.Үлбірі бағалы.
Кемірушілер отряды
Қазақстанда 80-нен астам түрі таралған.Көк суыр Батыс Тянь-Шань тау жоталарында.Қызыл кітапқа тіркелген. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде,Қаратауда Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған.Қалқанқұлақ құлағының үлкендігіне байланысты аталған.Алып соқыртышқан жер астындағы қараңғы іннен еш уақытта жер бетіне шықпайды. Көзі терінің астында, сондықтан көрмейді.Тырнағы күрек тәрізді, күрек тістері аузынан шығып тұрады.Кәмшат- терісі және жұпар безі өте бағалы, көп ауланады.Қазіргі кезде Жайық өзенінде ғана кездесді.  Құндыз – да суда өмір сүреді. Қызыл еітапқа тіркелген бағалы терілі жыртқыш аң.негізгі қорегі – балық.
Жұптұяқтылар отряды
Күйіс қайтармайтындар және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді.Көпшілігінің кәсіптік мәні бар.Доңыз(жабайы шошқа). Қарақұйрық-балқаш, Зайсан, Алакөл, Мойынқұм, Арал, Маңғыстауда кездеседі.Өте сымбатты аң, бірақ саны аз,қызыл кітапқа тіркелген. Сирек кездесетін аң-арқар таулы алқаптарды мекендейді.
Жыртқыштар отряды
Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген,сойдақ тістері өте өткір.Аю, қасқыр, мысық, сусар тұқымдастардың өкілдері кеңінен таралған.
Қолқанаттылар отряды
 Қазақст-а 27 түрі кезд.түнде белсенді тіршілік етеді.Салпанқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат
Қоянтектестер отряды
Құм, ор және ақ қоян жатады. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, кәсіптік мәні бар.
Тақтұяқтылар отряды
Үшінші саусағы жақсы дамыған.Жабайы жылқы – құлан. Қазақстанның батыс өңірінде –тарпан   шығысында  түзат(пржевальский жылқысы)таралған.
Ескекаяқтылар отряды
Денесі ұршық тәрізді.Каспий теңізінде түлен кездеседі.Аяқтары ескекке айналған.Тері астындағы 10см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді,әрі қор заты болып есептеледі. 
Сабақты бекіту
1.Кемірушілердің құрылысындақандай негізгі белгілері бар№
2Жыртқыштардың қандай тұқымдастарының түрлері қазақстанда кездеседі?
3.Биік таулы алқаптарда сүтқоректілердің қандай түрі кездеседі?
4.Жергілікті жерде сүтқоректіердің қандай түрі кездеседі?
5.Қазақстанда ақбөкен санының күрт азаюына қандай жағдайлар әсер етіп отыр?
Кітаппен жұмыс:
Төменде берілген жеке отрядтардың тұсына сәйкес келетін белгілердің санын тауып қойыңдар.
А. БУНАҚДЕНЕҚОРЕКТІЛЕР                                                                                                                      Ә. КЕМІРУШІЛЕР                                                                                                                                   Б. ЖҰПТҰЯҚТЫЛАР                                                                                                                                    В. ЖЫРТҚЫШТАР
1.Күрек тістері жақсы жетілген.
2.Дене температурасы онша тұрақты емес
3.Түр құрамы өте көп
4.Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген
5.Миы нашар дамыған
6.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамыған
7.Қарақұйрық, ақбөкен, бегемот
8.Кірпі,жұпартышқан,жертесер
9.Борсық, күзен, қабылан, ілбіс
10 Қалқанқұлақ,жайра, көк суыр
11.Тұмсығы алға қарай шығыңқы
12.Сойдақ тістері өте өткір
13Тістерінің құрылысы біркелкі
14.Кей түрі ін қазып тіршілік етеді
15.Қуысмүйізділер деген тұқымдасы бар
А-2,5,8,11,13
Ә-1,10,14
Б-6,7
В-3,4,9,12,15
Ойлан тап.
Әріптерді қолданып.сүтқоректілердің атын құрастыру керек:
А Қ Ю С Р Ы  Ж Т Е Ш Н Ұ Л Б Г М О Т  І У П  К  Я Ә Ұ Д З 
Аю,қасқыр,мысық кірпі қабылан,ілбіс,сілеусін кәмшат,құндыз бегемот,жертесер тышқан,құлан,қоян, сусар ,борсық
Жұптұяқтылар
Кемірушілер
Жыртқыштар
Қоянтектестер
Үйге тапсырма 
Бағалау 
Сабақты қорытындылау
Категория: Биология | Добавил: admin (24.05.2014)
Просмотров: 3196 | Теги: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректіл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz