MENU
Главная » Статьи » Физика

МТЗ-80 тракторына ПР-Ф-145 жинауыш-пресін агрегаттау

Сабақтың тақырыбы:  « МТЗ-80 тракторына ПР-Ф-145 жинауыш-пресін агрегаттау»

Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Жинауыш-престің бөліктері мен механизмінің құрылысын, жұмысын
                      реттеуін оқып-үйрену.
Дамытушылық:  Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, теориялық оқудан алған 
                                білімін өндірістік оқумен ұштай білу, есте сақтау дағдысын 
                                қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, 
                     болашаққа білікті,саналы маман иесі болуға, ұқыптылыққа, өз
                     ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу. 
Оқыту әдісі: Жаңа сабақты меңгерту 
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны есте сақтау
Сабақтық көрнекілігі: ПР-Ф-145 жинауыш-пресі, аспаптар жиыны, зауыттың
                                           нұсқау қағазы, оқу плакаттары
Пәнаралық байланыс: 1.  Автомобиль
                                           2. Электротехника
Сабақтың өтетін орны: Зертхана және шеберхана
 
Сабақтың барысы:
 
I.Ұйымдастыру:  1) оқушыларды түгендеу 
           2) сыртқы келбеті мен арнаулы киімдерін, сабаққа қажетті
                                     құралдарын тексеру. 
II.Кіріспе нұсқау:1) оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру,
                                     сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 
           2) үй тапсырмасын тексеру. 
Жұмысты орындау реті:
Жинауыш-престің жалпы құрылысын, жұмыс процесін және техникалық сипаттамасын оқып-үйрену.
ПР-Ф-145 жинауыш-пресі (1-сурет) престеу тығыздығын орташа, пішенді немесе сабанды дестеден жинауға, сонымен бірге оларды кендірмен (шпагат) буа отырып, мөлшерін 220...300 кг-ға дейін етіп цилиндр формалы рулон жасап престеуге арналған. Рулонның көлемі, диаметрі 145 см-ге дейін, ұзындығы 120 см болады. Ол МТЗ-80 және ЮМЗ-6 тракторларымен агрегатталады. Оның жұмыс органдары трактордың қуат алу білігінен қозғалыс алады. Оның жұмыс жылдамдығы 6 мен 12 км/сағ аралығында.
 
1- лобовина; 2-жинауыш; 3-доңғалақты жүріс; 4-алдыңғы камера; 5-артқы камера; 6-престеу механизмі; 7-карданды беріліс; 8-гидрожүйе
ПР-Ф-145 жинауыш-преснің құрылысы мынадай құрамдас бөлшектерден:
 лобовинадан, жинауыштан,  престеу камерасы орналасқан доңғалақты жүрісінен, алдыңғы және артқы камерадан,  престеу механизмінен, карданды берілістен және гидрожүйеден тұрады.
Жинауыш-пресінің технологиялық жұмыс сызбасы.
1-жинауыш; 2-престеуші камера; 3-барабан; 4-престеуіш механизм; 5-қысушы решетка; 6-көрсеткіш тіл (стрелка); 7-гидроцилиндр; 8-артқы камера; 9-рама
Жұмыс кезінде жинауыш (1) дестеден балаусаны қармап алып, оны пресреуіш камерасына (2) береді. Осы жерде балауса (шөп) барабанның (3) және престеуіш механизмнің (4) ықпалымен рулон болып шиыршықталады. Қысушы решетканың (5) көмегімен осы жерде балауса алдын ала нығыздалады. Престеу камерасы рулонға толған уақытта көрсеткіш тілі (стрелка) (6) жоғарыға көтеріледі де, престеу камерасына кендірді жіберу керектігін білдіреді. Кендірді (шпагатты)  жинауыш іліп әкетіп, престеуіш камерасына береді.  Кендір жіпті престеу камерасына бергеннен кейін, баяу айнала бастайды.  Престеуіш механизмнің айналдыруымен рулон кендірді өзіне спираль бойынша орайды. (Орамның саны 10...12) болады. Қозғалыс аяғында ине (игла) кендірді жылжымалы пышақ пен қарсы кесу пышағы арасындағы кертікке салады. Кендір кесіледі, содан кейін қуат алу білігі ажыратылады. Гидроцилиндрдің (7) көмегімен артқы камера (8) ашылады да, рулон жерге рама (3) арқылы түседі. Артқы камера жабылғаннан кейін, жұмыс барысы қайталанады.
ІІІ. Ағымдық нұсқау.  
1-тапсырма:  Тракторды артқа шегіндіріп, жинауыш-престің тұзағын трактордың артқы ашасына жалғау, жинауыш-престің карданды білігін трактордың қуат алу білігімен жалғап бекіту.
2- тапсырма:  Машинаның артқы камерасын ашып-түсіретін гидроцилиндрлердің май түтіктерін трактор гидрожүйесі өткізгішінің артқы бөлігіне, ал жинауыштың гидроцилиндр май түтігін трактордың жанынан шығатын өткізгішке жалғап қосу.
3-тапсырма:  МТЗ-80 тракторының қуат алу білігі арқылы жинауыш-престі іске қосып, рулон шығаруды көрсету.
I.  Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігіне көңіл бөлу және технологиялық-нұсқау карталарының мазмұнымен таныстыру. Оқушыларды бөлімшелерге бөліп, олардың жетекшілерін тағайындау. Жұмысқа қолданылатын құрал-саймандармен таныстыру. Әр бөлімшеге жұмыс орнын әзірлеп, керекті құрал-жабдықтарды дайындау. 
II. Берілген тапсырманы оқушылар өз бетімен орындау керек. Жіберілген кемшіліктері болса, түзетіп бағыт беріп отыру қажет. Содан кейін оқушылар тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді.
Бекіту сұрақтары:
1. ПР-Ф-145 жинауыш-пресі не үшін арналған?
2. Жинауыш-пресс  қандай тракторлармен агрегатталады?
3. ПР-Ф-145 жинауыш-пресі  қандай механизмдерден тұрады?
4. ПР-Ф-145 жинауыш-пресінің жұмыс жылдамдығы қандай?
5. Жұмыс кезінде жинауышты не арқылы көтереді?
6. Гидравликалық бөлгіштің рычагын қандай қалыпқа қояды?
IV. Қорытынды нұсқау. Оқушыларға берілген тапсырмаларды орындауының қорытындысы тексеріледі. Қосымша сұрақтар қойылады.  Оқушылардың білімі мен тапсырмалардың орындалғанын сараптап бағалары қойылады. 
V. Үйге тапсырма 
 «Ауылшаруашылығы машиналары»   § 26; 215-221 бетте
Категория: Физика | Добавил: admin (24.05.2014)
Просмотров: 1036 | Теги: МТЗ-80 тракторына ПР-Ф-145 жинауыш- | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz