MENU
Главная » Статьи » Математика

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту мен бөлуді оқушы санасына бекіту, түсінік беру.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындай білуге, ұқыптылыққа, өз ойын дәл айтуға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Білімді пысықтау, дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындату.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар және көрнекі құралдар, слайдтар, кестелер.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Жаңа материалды үйренуге дайындық.
2. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу тақырыбын түсіндіру.
IV. Жаңа материалды меңгергендігін есептер шығару арқылы меңгерту және тексеру.
V. Жаңа материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау.
VI. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру.
 
ІІІ. 1. Жаңа материалды үйренуге дайындық.
Оқушылар біздер ондық бөлшектердің жазуын, оқуын үйрендіңдер.
Алғашқы ондық бөлшек орта ғасырларды араб математиктерінің еңбектерінде және олармен бір уақытта Ежелгі Қытайда пайда болды.
Одан ертерек Ежелгі Вавилонда бөлшектер қолданылған.
Ондық бөлшек екі бөліктен тұрады. Ондық бөлшектің жазылуындағы үтірдің сол жағындағы үтірлер оның бүтін бөлігін, ал оң  жағындағы цифрлар бөлшек бөлігін құрайды. Бүтін бөлік бөлшек  бөліктен үтірмен ажыратылады. Ондық бөлшек дегеніміз не?
Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды білеміз!
Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
1) Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтетендей көбейту керек.
2) Ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай көбейтеміз?
Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
1) Бірінші үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек.
2) Көбейткіштердің екеуін де неше ондық таңба болса, көбейтінді де оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек. 
Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:
1) Ондық бөлшектің назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек.
2) Бүтін бөлікте бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек.
Ондық бөлшекке бөлу ережесі.
1) Бөлгіште неше ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек.
2) Шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.
 
ІІІ.2. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу тақырыбын түсіндіру.
1,385 ондық бөлшегін 10, 100, 1000  т.с.с. сандарына көбейтуді қарастырайық.
 
Ондық бөлшекті 10-ға көбейткенде, үтір бір бір цифр оңға, 100 – ге көбейткенде, үтір екі цифр оңға, 1000-ға көбейткенде, үтір үш цифрға оңға қарай және тағы сол сияқты жылжиды.
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 тағы сол сияқты сандарына көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін сәйкесінше 1, 2, 3 және тағы сол сияқты орынға оңға қарай жылжыту керек. Бөлудің көбейтуге кері амалы екенін білеміз, сондықтан 10, 100, 1000 т.с.с. бөлу үшін үтірді керісінше солға қарай жылжытамыз. Егер цифр жетпесе онда сол жағынан қанша нөл қажет болса, сонша нөл жазамыз.
 
 
12,34 • 10 = 123.4
12.34 • 100 = 1234
12,34 • 1000 = 12340
 
12,34 : 10 = 1,234
12.34 : 100 = 0,1234
12,34 : 1000 = 0,01234
 
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000  т.с.с. санға бөлу үшін осы ондық бөлшектің үтірін бөлгіште бірден кейін қанша нөл болса, сонша орынға солға қарай жылжыту керек.
 
IV. Жаңа материалды меңгергендігін есептер шығару арқылы меңгерту және тексеру.
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 т.с.с сандарына көбейту мен бөлу тақырыбын есептер шығарту арқылы меңгерту.
№ 841. Есептеңдер.
 
 
56 : 10 = 5,6
376 : 10 = 37,6
1785 : 100 = 17,85
243 : 1000 = 0,243
 
46 : 1000 = 0,046
8 : 100 = 0,08
423 : 100 = 4,23
6 : 10 = 0,6
 
№ 842. 
а) Санды 10, 100, 1000 есе кемітіңдер.
 
 
8 : 10 = 0,8
8 : 100 = 0,08
8 : 1000 = 0,008
 
81 : 10 = 8,1
81 : 100 = 0,81
81 : 1000 = 0,081
 
729 : 10 = 72,9
729 : 100 = 7,29
729 : 1000 = 0,729
 
0,51 : 10 = 0,051
0,51 : 100 = 0,0051
0,51 : 1000 = 0,00051
 
7,45 : 10 = 0,745
7,45 : 100 = 0,0745
7,45 : 1000 = 0,00745
 
0,02 : 10 = 0,002
0,02 : 100 = 0,0002
0,02 : 1000 = 0,00002
 
0,083 : 10 = 0,0083
0,083 : 100 = 0,00083 
0,083 : 1000 = 0,000083 
 
0,001 : 10 = 0,0001
0,001 : 100 = 0,00001
0,001 : 1000 = 0,000001
 
0,802 : 10 = 0,0802
0,802 : 100 = 0,00802
0,802 : 1000 = 0,000802
 
ә) Санды 10, 100, 1000 есе арттырыңдар.
 
5 • 10 = 50
5 • 100 = 500
5 • 1000 = 5000
 
32 • 10 = 320 
32 • 100 = 3200
32 • 1000 = 32000
 
0,7 • 10 = 7
0,7 • 100 = 70
0,7 • 1000 = 700
 
0,41 • 10 = 4,1
0,41 • 100 = 41
0,41 • 1000 = 410
 
0,00052 • 10 = 0,0052
0,00052 • 100 = 0,052
0,00052 • 1000 = 0,52
 
0,00004 • 10 = 0,0004
0,00004 • 100 = 0,004
0,00004 • 1000 = 0,04
 
7,205 • 10 = 72,05
7,205 • 100 = 720,5
7,205 • 1000 = 7205
 
0,04 • 10 = 0,4
0,04 • 100 = 4
0,04 • 1000 = 40
 
0,00056 • 10 = 0,0056
0,00056 • 100 = 0,056
0,00056 • 1000 = 0,56
 
№ 843. Өрнектің мәнін табыңыз.
 
 
2,3 • 10 = 23
0,58 • 10 = 5,8
7,3 : 10 = 0,73
4,25 : 10 = 0,425
 
9,468 • 100 = 946,8
31,17 • 10000 = 311700
0,074 : 1000 = 0,000074
560,9 : 10000 = 0,05609
 
0,625 • 1000 = 625
0,39 • 100 = 39
7819,2 : 1000 = 7,8192
50,6  : 100 = 0,506
 
Кестені толтырыңдар:
 
 
           Бөлгіш       Бөлінгіш 1,5 10 100
 
2,25  
3,75  
7,5  
           Бөлгіш       Бөлінгіш 1,2 10 100
 
1,08  
1,296  
1,44  
 
 
           Бөлгіш       Бөлінгіш 1,6 10 100
 
2,56  
4,096  
5,12  
 
№ 848. 
a = 10, в = 100, c = 1000 болса, онда 14,25 а + 0,025 в + 0,795 с өрнегінің мәнін табыңдар.
14,25 • 10 + 0,025 • 100 + 0,795 • 1000 = 811,75.
 
V. Жаңа материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау.
 
1. Есептеңдер:
 
 
4,2 • 10 = 42
4,2 • 100 = 420
4,2 • 1000 = 4200
 
3,7 • 10 = 37
3,7 • 100 = 370 
3,7 • 1000 = 3700
 
8,5 • 10 = 85
8,5 • 100 = 850
8,5 • 1000 = 8500
 
2. Есептеңдер:
 
0,7 : 10 = 0,07
2,3 : 10 = 0,23
17,5 : 100 = 0,175
125,7 : 1000 = 0,257
 
72 : 10 = 7,2
8 : 10 = 0,8
123 : 100 = 0,123
345 : 1000 = 0,345
 
12,1 : 10 = 1,21
78,6 : 100 = 0,786
246,7 : 1000 = 0,2467
38,2 : 1000 = 0,0382
 
3. Теңдеуді шешіңдер:
 
10 х  =  59,5
x = 59,5 : 10
x = 5,95
10 • 5,95 = 59,5
 
100 x = 27,3
x = 27,3 : 100
x = 0,273
100 • 0,273 = 27,3
 
1000 x = 273,4
x = 273,4 : 1000
x = 0,2734
1000 • 0,2734 = 273,4
 
x : 10 = 62,4
x = 62,4 • 10
x = 6,24
6,24 : 10 = 62,4
 
x = 100 = 6,27
x = 6,27 • 100
x = 627
627 : 100 = 6,27
 
x : 1000 = 6,278
x = 6,278 • 1000
x = 6278
6278 : 1000 = 6,278
 
VI. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру.
№ 851; № 852; № 853. 
Категория: Математика | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 3735 | Теги: Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz