MENU
Главная » Статьи » Педагогика

Айналайын ақ мамам!

Ертеңгіліктің тақырыбы:  Айналайын ақ мамам!

Мақсаты: аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға 
                  құрмет көрсету, қазақ қыздарына тән адамгершілік пен 
                  эстетикалық рухта тәрбие отырып инабаттылыққа,
                  парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен 
                  қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау.
                  Сөйлеу мәнерін, жұртшылық алдында сөйлеу мәдениетін 
                  қалыптастыру.
                  Аналарды құрметтеуге, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері, нақыл сөздер, шарлар, аналардың фото суреттері.
Тәрбиеші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! 
  Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! 
  Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркендеген өмір құрметті күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған елағасын  да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген – Ана.
  Құрметті асыл аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
         Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
                       Әйелдер күні бүгін халықаралық!
                       Жарыққа бізді әкелген аналарды,
                       Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

                       Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
                        Аналар, құтты болсын мерекеміз!
                        Әрқашан аналарым аман болса
                         Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!

Сондықтан құрметті асыл аналар бүгінгі «Айналайын ақ мамам!» атты ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңге арналады. Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ақбөбек:  Құрметті асыл Аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!  

Аружан:  Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің 
              алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.  

Назерке: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың 
                астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да 
                соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға  
                төзімді.
Ынта: Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл 
               мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын! 

Фатима:  Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,

Ақбөбек: Сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық    
                    уақытта шыдамдылықпен.

Айзат: мейіріммен.

Мұқағали: ақылмен.

Аружан: ыстық құшағында аямай мәпелеп,

Ақбөбек: еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі 
               балалық сезіміміз,

Айзат: әсем әніміз

Мұқағали: көңілді күйіміз
Фатима: демалыс кешіміз 

Бәрі бірге: сіздерге арналады.

Ән: «Апам үшін».
 Барлығы: Біз ғана емес,
                  Қадір тұтқан балалар
                  Аналардан туған небір аналар.
                  Ана деген – тіршіліктің тірегі.
                  Армысыздар қасиетті аналар.
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
Аружан: Бақытты ғой шыныныда
                Анасымен балалар.
                Құтты болсын мереке,
                Аман болсын аналар!
Ақбота: Сіздерменен жарасады өңіміз,
               Сіздерменен жадырайды сәніміз.
               Ұзақ болсын мерекеңіз,
                Құттықтаймыз бәріміз!
Назерке: Кемеңгерсің, данасың,
               Арқа тұтар панасың.
               Еңбегіңді ақтаймын,
               Аман болшы, анашым.
Ынта:    Әлпештеген, аялаған,
              Ақ сүт берген апатайым
              Өз қолыммен жазып бүгін
              Мейрамыңмен құттықтаймын
Ән: «Ақ мамам»
Ән: «Анашым»
Орындайтын: Ақбөбек.
Ойын: «Анаңды тап».
Назерке: Менің әжем әліде,
                Ұқсамайды кәріге.
                Шай қайнатып береді,
                Біздің үйдің бәріне.
Ақбөбек: Тосып тәтті, дәмдіні,
                 Ол бар жерде бал жедім.
                 Мен ұйықтарда айтады
                 Ертегісін, әндерін.
                 Біздің үйде осындай 
                 Әжетайым бар менің.
Ынта:       Әжем мені «айым» дейді,
                 Мен мұңайсам уайым жейді.
                 Әжем мені «күнім» дейді,
                 Мен қуансам күлімдейді.
Барлығы: Аналарды сүйеміз,
                 Ақылын ойға түйеміз.
                 Әжені де ардақтап,
                 Әдеппен бас иеміз. 
Ән: «Ақ әжем».  
Би: «Қазақ биі».
Ойын: гүл сыйлау.
Би: «Қара жорға»
Орындайтындар: Ақбөбек, Ынта.
Аналарға сыйлық тапсыру.
Мерекеңмен құттықтап,
Қуанамыз, құлпырып.
Анаға арнап ән салып,
Берейік сыйлық ұсынып.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».
Қорытынды.
Тәрбиеші: әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры-биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзент болар. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
 Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Категория: Педагогика | Добавил: admin (24.05.2014)
Просмотров: 1524 | Теги: Айналайын ақ мамам! | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz