MENU
Главная » Статьи » Педагогика

Көмектесе білейік

Тақырыбы: Көмектесе  білейік

Құндылық:  құрметтеу
Қасиеттері: Көмектесу,құрметтеу,мейірімділік және т.б.
Мұғалім:    Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы
Сыныбы: 1.     Оқушылар  саны:    14

Мақсаты:
«Қамқорлық»  ұғымының  адамгершілік  құндылығы  ретіндегі  маңыздылығын ашу.            
Міндеттері:
     -Мейірімділік  адами  қасиеті  мен  өзара  көмек     
        әрекеттері  туралы  түсінік  беру;
     -Қамқорлық  жасау,көмек  көрсету  дағдыларын     
      дамыту;            
     -қайырымды,жағымды  қарым-қатынастар  жасауға    
      тәрбиелеу. Ресустар  (материалдар)
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
( 5 т: тәртіп,  талап,  тыныштық,  тазалық, татулық)
Тыныштық  сәті.  «Нұрға  бөлену». Ескертулар
ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. 
Мысық  пен күшіктің  суретін  салу

ІІІ. Дәйексөз. «Бірлесе   көтерген  жүк  жеңіл»  халық  мақалы
-Адамға  қиналған  сәтте  қол  ұшын  беру,жақсы,жылы  сөздер  айтып  демеу,жақсылық  жасау  бұның  бәрі  көмек.Қиналған  сәтте  барлығымыз  көмектесіп  бітірген  жұмыс  оңай  шешімін  табады. Сондықтан  бірлесіп  жұмыс  жасау керек.

ІҮ. Әңгімелесу. 
• «Көмектесу», «көмек»  дегенде  нені  түсінесіңдер?
• Сендер  кімге,қандай  жағдайда  көмек  көрсеттіңдер?
• Біреуге көмек  көрсеткен  кезде  өздеріңді  қалай  сезіндіңдер?
  Мәтінмен жұмыс. Ұстаз  сыйы.
        Арыстан  мен тышқан
               \Ертегі\
Бір  күні  арыстан  ұйықтап  жатқан  кезде,тышқан  келіп,оның  үстінен  жүгіріп  өтеді.Арыстан  оянып,тышқанды  ұстап  алады.Тышқан  жалына  бастайды: «Егер  мені  жіберсең,мен  де  саған  жақсылық  жасармын»,-дейді ол.Арыстан  тышқанның  «жақсылық  жасармын» деген  сөзіне  күліп,оны  босатып  жібереді.                                                                          
      Келесі  күні аңшылар  арыстанды   ұстап  алып,ағашқа  таңып  тастайды. Тышқан  арыстанның  ақырғанын  естіп,жүгіріп келіп,арқанды  тісімен  қырқып: «Есіңде  ме,сен  менен жақсылық  күтпеген  едің  ғой.Енді  міне,тышқаннан  да  қайырымдылық  келетінін  көрдің»,-депті.            
        Көрдің  бе,кішкентайй  тышқан  да  арыстанға  көмектесе  алады  екен.
*Арыстан  тышқанға  қандай  көмек  көрсетті?
*Тышқан  Арыстанның  жақсылығын  қалай  қайтарды?

Ү. Шығармашылық  жұмыс,  топтық  жұмыс.
Ойын: «Көмектесе  білейік»
Шарты:Бала  қолындағы  жүректі  бір-біріне  өзінің  беретін  көмегі  туралы  айтуы  қажеттігін  түсіндіреді.

ҮІ. Топпен  ән  айту
Болайықшы  осындай
Сөзі  мен әні  жазған:А.Меңжанова
ҮІІ. Үй  тапсырмасын  беру.
Арыстан  мен  тышқан  ертегісіндегі  арыстан  мен  тышқанның  суретін  салу
ҮІІІ. Соңғы  тыныштық  сәті.
-Балалар,денелеріңді  түзу  ұстап,бастарыңды  жоғары  көтеріп  отырыңдар.Көздеріңді  жұмсаңдар  да  болады.Ауаны  терең  жұтып,еркін  тыныс  алыңдар.Өздеріңнің  тыныс  алуларыңды  бақылап,бақытқа,махаббат  пен  тыныштыққа  толы  таза,шипалы  ауаның  тұла  бойларыңа  толғанын  сезініңдер.Ал,енді  көздеріңді  ашсаңдар  да  болады

Категория: Педагогика | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1186 | Теги: Көмектесе білейік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz