MENU
Главная » Статьи » Педагогика

Халқым менің қонақжай

Тақырыбы:  Халқым  менің  қонақжай

Құндылық:  Сыйластық
Қасиеттері: Сыйлау,  құрметтеу, көпшіл, және т.б.
Мұғалім:    Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы
Сыныбы: 2.     Оқушылар  саны:    11
 
Мақсаты:
- «сыйластық», «туыстық», «достық»  адамгершілік  құндылықтары  туралы  түсініктерін  кеңейту.
Міндеттері:
- Қонақ  күгу дәстүрі,қонақасы  туралы  түсінік  беру;
- қонақты  сыйлау  іскерліктерін  дамыту;
- қонақжайлылық  дәстүрлерді  құрметтеуге  тәрбиелеу. Ресустар  (материалдар)
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
( 5 т: тәртіп,  талап,  тыныштық,  тазалық, татулық)
Тыныштық  сәті.  «Нұрға  бөлену». Ескертулар
ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. 
Өсиет  әңгімені  оқу
1. Хан  баласы  «халық  даналығын»  қалай  табады?
2. Халық  даналығына  нелер  жатады?
ІІІ. Дәйексөз. 
«Жақсы  қонақ –құт  береке»
                                              Халық  даналығы 
1. «Жақсы  қонақ –құт,береке»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
2. «Қонаққа  бару», «Қонақ  келеді»  деген  сөздерді  қалай  түсінесіңдер?
ІҮ. Әңгімелесу. 
- Қонақжайлылық  белгісі
Сырттан  келген  мейманға
Сәлем  беріп,қол  алсаң,
Бірінші  еткен  құрметің.
«Түсіңіз»,-деп   түс  беріп,
Шылбырына  оралсаң,
Екінші  еткен  қызметің.
Есік  ашып  енгізіп,
Көрпе  төсеп  құп  алсаң,
Үшінші еткен  құрметің.
Мейман риза  болғаны-
Құрметпен  үйге қонғаны.
• Өлеңде қонаққа  қандай  құрмет  көрсету  туралы  айтылған?
• Қонақ  деп  кімді  айтамыз?
• Қонақжайлылық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
• Халқымыздың  тағы  да  қандай  салт-дәстүрлерін  білесіңдер?
          Мәтінмен жұмыс. Ұстаз  сыйы.
          Қонақасы  /аңыз/   әңгімелеп  беру
• Қалай  ойлайсыңдар,данышпан  қарт  өзінің  еншісін  нешеге  бөледі?
• Балалар,  қалай  ойлайсыңдар,қарт  төртінші  бөлігін  кімге  қалдырады?
• Сыбаға  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?
• «Қонақасы»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?
• Қонақ  күтуден  адамның  қандай  жақсы  қасиеттері  көрінеді?
Ү. Шығармашылық  жұмыс,  топтық  жұмыс.
Қ.Баянбайұлының  «Қонақ  келгенде»  өлеңін  оқу.
«Қонақты  қарсы алу»  рәсімін  сахналалап  көрсету.
ҮІ. Топпен  ән  айту.
«Қазақы  дастарқаным»  әні  орындалады.
ҮІІ. Үй  тапсырмасын  беру.
Дастарқанға  қонаққа  ұсынатын   тағамдардың  суреттерін  салыңдар.
ҮІІІ. Соңғы  тыныштық  сәті.
-Балалар,ыңғайланып  отырып  алыңдар.Көздеріңді  жұмсаңдар  да  болады.Барлығымыз  ата-аналарымызға  еріп  ел  ордасы  Астана  қаласына  қонаққа  барыппыз.
Астана  қаласының  адамдары  қонақжай  екен.Барлығы  күлімсіреп  қарсы  алып  дәмді  ас  ұсынып  жатыр.Біз  «Бәйтерекке»  шығып  бүкіл  Астананы   қарап  тамашаладық.Астана  сондай  әсем,әдемі.бұрынғы  қалпымызға  келейік.
Категория: Педагогика | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1268 | Теги: Халқым менің қонақжай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz