MENU
Главная » Статьи » Педагогика

Киелі мекен – Шиелі екен

Сабақтың тақырыбы: Киелі мекен – Шиелі екен

Сабақтын мақсаты:  Оқушыларды Шиелі тарихымен, шежіресімен таныстыру. Еңбек ерлерінің өмірінен мағлұмат беру.Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Еңбек ерлерін құрметтеуге, туған жердің  қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге,сөйлеу мәдениетінеүйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Еңбек ерлерінің суреттері, қанатты сөздер. Шиелі ауданының көрнектіжерлерінің суреттері.

Сабақтың  барысы:

Мұғалім: «Жалпақ жұртыңды құрметтеу – туған өлкеңнің тарихын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады», – деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,туған жеріміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу - уақыт талабы.Қадір – қасиетін одан әрі арттыра түсуіміз, рухани мәнін терең таныта білуіміз керек.

                      Шиелі – ғажап ертеңі,

                      Сүйеміз туған өлкені.

                      Тағдырлар толы тарихтың,

                      Сан жылдар сырын шертеді.

Шиелі – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орналасқан Қызылорда облысының шұрайлы аймағының бірі.

            Шиелі ауданы 1928 жылы қыркүйек айында іргесі қаланып,жеке отау құрған аудан өз тарихында еңбек пен ерліктің,ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді,өркендеу жылдарының куәсі болды.

            Шиелі өңірінде ұлтымыз ұлағат тұтатын азаматтар көптеп шыққан.Алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, «Дала академигі» атанған даңғайыр диқан,екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев,атақты Иманжүсіп,Сыр сүлейлері Бұдабай,ағайынды Мәнсүр мен Нартай ақындар,қазақ ғылымының,әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Әбділда Тәжібаев,Әуелбек Қоңыратбаев,Шахмардан Есенов,Қалмақан Әбдіқадыров,Асқар Жұмаділдаев исі қазағымыздың рухани мақтаныштары екені анық. Ендеше,осы өлкенің халық аузында «Киелі Шиелі» аталуыжайдан жай емес.Осы орайда,бойында шежіре тұнған, даласы дархан,қойнауы қазына,тарихы телегей теңіз ашық аспан астындағы айшықты да асқақ ескерткіштей Сыр маржаны – Шиелінің өткені мен бүгінін терең зерттеп,жерлестеріміздің бойында туған өлкенің тарихын тану,оны ардақтау сияқты түсініктер мен қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор. 

       Хор: «Шиелі туралы ән»   Өлеңі:Тілеген Шопашев

                                               Әні:Мұхамеджан Рүстемов

1-оқушы         Жер бетінде бір мекен бар киелі,

            Деп айтады: ән мен жыр,күй елі.

            Сұлу Сырдың бойындағы иран бақ,

            Атың қандай сүйкімді еді Шиелі!

            Тарих көші талай шұбап өткен жер,

            Талай ұрпақ өсіп-өніп,төккен тер.

            Талайдұшпанжеңбекболып өктеген,

            Қайыспаған қарашаңыз кеткен ер!

2-оқушы 

                        Қазекемнің бұзылмаған қаймағы,

            Батырлардың еңкеймеген байрағы

            Досбол,Торғай,Тұрғанбай мен Тұрсынбай-

            Болған сенің айбының мен айбарың.

            Мәңгі бірге Мұстафасы Шоқайдың,

            Ұмытылмас Ыбырайы Жақайдың.

            Әні тірі,жыры тірі Нартайдың,

            Қайсы бірін түп-түгендеп айтайын.

3-оқушы        

Аудан өзінің 80 жылдық тарихында еңбек пен ерліктің,ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей  талай жеңістерге қол жеткізді.Аға ұрпақ күні бүгінге дейін ауданның өсу,өркендеу кезеңінде берекелі қолының табын қалдырып,ірі жеңістердің ұйытқысы болып келеді.Олар өздерінің баянды тәжірибелерін бүгінгі және келешек ұрпаққа үйретуде көшбасшы, қазыналы қариялар екенін дәлелдеп отыр.

2000 жылғы Сыр бойындағы  он  ғасыр адамдарының бесеуі шиеліліктер. М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.

Сулы Сыр атырабы,

                   Сыр бермейжатырәлі.

                   Не дегенқасиетті,

                   Түлеген топырағы?

Шиеліақындары,

Диқаны,батырлары,

                   Ел даңқын жалғастырып,

Жырболыпжатырәлі.

   4-оқушыБілмеймінтопырағыкиеліме,

Білмеймінжапырағыкиеліме,

                    Береке,ырысболыпөнедіекен,

                    ТүйірдәнтүсіпқалғанШиеліге-депақынжырлағандай Сыр елініңкиелімекенісаналатынШиелі өңірі ақ күріштен дүние жүзінде рекорд жасағанЫ.Жақаевесіміментанылады.Қазақ халқы тарихының төрінен орын алған ерлігі,еңбегі бүкіл ғұмыры атадан балаға,немере,шөбереге тәлім-тәрбие болған,бола беретін қасиетті диқан ата.

Ән: «МаржаныСырдыңШиелім»

Әні: Ә.Бейсеуов.

Сөзі: Д.Смайылов.

5-оқушы         О,Нартай, шешентаңдай,қасқамаңдай,

                        Аузыңнан шыққан сөзің шекер-балдай.

                        Айтыссаң,алдырмассың ақындарға,

                        Жарқырап қараңғыда жанған шамдай!

            Қазақтың белгілі ақыны,сазгер -Нартай Бекежанов.Нартай жасынан Сыр бойының белгілі ақын,жыраулары Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп,Бұдабай, Тасберген өлеңдерін жатқа айтып, әр түрлі жиын-тойларда домбыраға қосып айтып жүрді. Әрі ақын, әрі орындаушы әнші бала білген халық өнерпаздарының озық салтын көнертпей, әрі қарай жалғастырып,көтеріп әкететін жаңа ұрпақ өкілдерінің өнеге тұтуға жарарлық тұлғаларының бірі-Нартай Бекежанов. Оның өмірі мен өнерінде тәлім аларлық қасиеттер көп-ақ. Соның ең бастысы-халқына қалтқысыз қызмет етуі деп бағалар едік.

6-оқушы  

                        Қарасақ Әбділда ақын-ол бір дастан,

            Өтпейді Шиеліге бір қонбастан.

            Сырласып Сыр бойының диқанымен,

            Кетеді жазып өзі бір – бір-бір  дастан.

            Қазақ халқының біртуар ақыны,күні кешегі М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов секілді алыптар тобының соңына ерген Әбділда Тәжібаев 1809 жылдың ақпанында дүниеге келген.

            Көрнекті ақын,драмашы,ғалым,қоғам қайраткері Ә.Тәжібаев әдебиет пен ел алдындағы еңбегі үшін Қазақстанның халық жазушысы атанды, Мемлекттік сыйлық алды. Ол көркем прозада да ерлік қалам сілтеді. «Есімдегілер», «Жылдар», «Ойлар» атты  кітаптарын оқырман іздеп жүріп оқыды. Ә.Тәжібаев екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгілі ордендерімен  және медальдарымен марапатталған.

Ән: «Сыр Сұлуы»       Сөзі:  Зейнолла Шүкіров

                                        Әні:   Шәмші Қалдаяқов

7-оқушы         Жорабек белгілі еді сөзге төкпе,

            Кезінде жібермеген есе  көпке.

            Алтынның сынығындай содан туған,

            Академик бұлШахмарданЕсенов те.

            Шахмардан Есеновтің есею,толығу кезеңінде рухани ұстазы Қаныш Сәтбаев болды. Шоқай шыққан биік, Шоқай игерген қазына еліне,халқына таусылмас мұра.

8-оқушы  

Мұстафа  дәулетті де мәдениетті  отбасынан шыққан. Табиғатынан дарынды, әрі еңбексүйгіш ол кейбір істі қолына алса да мүлтіксіз атқарып шығатын.         

            Ел мүддесін ойлаған жалын жүректі жас қайраткер халқының басына күн туғанда  «Арым – жанымның садағасы» деп жанын шүберекке түйіп шығар тұлға ретінде қалыптасып,ғасырлар бойы халқын билеп – төстеп, бостандық алып  беруді  армандады.

Хор: «Атамекен»         Сөзі: Қадыр Мырзалиев

                                        Әні:      Ескендір Хасанғалиев

Қорытынды:             Шиеліні білгің келсе, замандас,

            Сонау қарттың жолын күтіп амандас!

            Жатыр оның көкірегінде ой тұнық,

            Ұлы сапар шалғысындай  ақ  алмас.

            Шиеліні көрем десең, көріңдер!

            Ақ күріштен алтын үйген өнімді ел.

            Тауына шық тұнып тұрған шежіре,

            Дүниенің жұмағындай жерін көр.

            «Шиелі – туған мекенім,мәңгілік мақтан етемін»  демекші,жерінің байлығы ырыс болып төгілген,аңыз бен алыптардың мекені атанған қымбатты да,қасиетті киелі Шиелі егемен еліміздің ырысын молайтуға өз үлесін қоса береді

Категория: Педагогика | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 2686 | Теги: Киелі мекен – Шиелі екен | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz