MENU
Главная » Статьи » Педагогика

Кітап - білім бұлағы

Тақырыбы: Кітап - білім бұлағы

Құндылық:  Ақиқат.
Қасиеттері: Дарынды,  қайырымды, мейірімді, және т.б.
Мұғалім:    Қалданова Дәметкен Астамқұлқызы.
Сыныбы: 5     Оқушылар  саны:    15

Мақсаты:
- Оқушыларға  «кітап» - адамдарды  рухани   байланыстыратын  буындардың  бірі  екендігін   ұғындыру.
Міндеттері:
- адамдарды  өз  қайнар – бастауларына  қайтып  оралуға  ұмтылдыру;
- рухани  қазынаның  терең  тұңғиығына бойлауға  шақыру;
- бүгінімен,  өткендегімен  және  болашақпен  сабақтастыққа    баулу. Ресустар  (материалдар)
Үнтаспа,  оқулық, дәптер.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
( 5 т: тәртіп,  талап,  тыныштық,  тазалық, татулық)
Тыныштық  сәті.  «Нұрға  бөлену». Ескертулар
ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. 
      Ғұлама   ақын  Ахмед Иүгінекидің   «Әлемнің  сырын  ашатын  кілт»   атты  өлеңін  оқу.
1. Ғұлама   ақын    адамның  бақытты  болуы  және  бақытсыз  болуын   неге  байланыстырды?
2. Білімді  адам  мен  надан  кісіні  неге  теңеді?
3. Ал  шын  сөз  бен  жалған  сөзді  неге  теңеді?
ІІІ. Дәйексөз. 
        «Мен  одан  артық  қайырымды  көршіні,  одан  әділ   досты,  одан  асқан  елгезек  жолсерікті,  одан  көнбіс  ұстазды,  одан  асқан   дарынды    ақылшыны  білмеймін»
                                               Араб  жазушысы   Әл – Жиһаз 
1. Жазушы  өз  сөзінде  не  туралы  айтқан?
2. Неге  кітапты  қайырымды  көрші, әділ дос, елгезек  жолсерік,   көнбіс  ұстаз,  дарынды  ақылшы  деген?
3. Біз  кітаптан  нені  үйренеміз?
ІҮ. Әңгімелесу. Ұстаз  сыйы.
       Бірде,   Шоқан   Уәлиханов  Саққұлақ   биге  сұрау  қойып: 
- Ақсақал,  біреу  жолдан  адасса,  кімнен   ақыл  сұрайды?  - дейді.
- Шырағым,  көнеден  сұрайды, - дейді  шешен.
- Көне  адасса  кімнен  сұрайды?
- Көне  адасса  көргендіден  сұрайды.
- Көргенді  адасса  кімнен  сұрайды?
- Көргенді  адасса  көптен  сұрайды.
- Көп  адасса  көп   оқығаннан   сұрайды.
- Көп  оқыған  адасса  кімнен   сұрайды?
- Көп  оқыған  көзі   шықпай  неге  адассын!
1. Саққұлақ  би  не  туралы  айтқан? 
2. Би  кейінгі  ұрпаққа  қандай  өсиет  қалдырған?
Ү. Шығармашылық  жұмыс,  топтық  жұмыс.
    «Артық   білім  кітапта»  тақырыбында  шағын  әңгіме, өлең  шумақтарын   жазу.
ҮІ. Топпен  ән  айту.
«Ұстазым »  әнін  орындайды.
ҮІІ. Үй  тапсырмасын  беру.
«Кітаптың  шығу  тарихы»  аңыз  әңгімені  оқу.
ҮІІІ. Соңғы  тыныштық  сәті.
        Не  нәрсеге  болса да  талап  ету  міндет,  мақсат  адал   ниет  пен  талапта,   талаптың  өзінің  біраз  шарттары  бар. Мысалы,  Белсенділік   танытып, білмегеніңді  сұрауға  арланба. «Білгенің  бір  тоғыз, білмегенің  тоқсан   тоғыз»   дейді   халық   даналығы.  Үздіксіз  ізден.

Категория: Педагогика | Добавил: admin (25.05.2014)
Просмотров: 1257 | Теги: Кітап - білім бұлағы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Хостинг от uCoz